×

Маңғыстаулық 6-сынып оқушысы минутына 17 мың сөз оқи алады

Ол екі жыл бұрын минутына небәрі 90 сөз оқи алатын болған

Маңғыстаулық 6-сынып оқушысы минутына 17 мың сөз оқи алады
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Маңғыстау облысының 6-сынып оқушысы минутына 17 мың сөз оқиды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ақпаратты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі өткізіп жатқан «100 жаңа есім — 100 новых лиц» айдары жариялаған болатын.

“Ақтау қаласының 6-сынып оқушысы Самир Валерийдің қабілеттері шынайы таңданыс тудырады. Ол екі жыл бұрын Самир минутына небәрі 90 сөз оқитын. Алайда жүйелі жаттығулар мен ұстазының қолдауының арқасында ол көрсеткішін едәуір жақсартты. Бүгінде оның оқу жылдамдығы минутына 16–17 мың сөзге дейін жетеді. Ақпаратты жоғары жылдамдықта қабылдау Самирге сабақтарда өзін сенімді сезінуге және тек гуманитарлық емес, нақты ғылымдарда да жетістікке жетуге көмектесуде. Ол — қалалық және аудандық олимпиадалардың жүлдегері, ал 2023 жылы өз мектебінде «Жыл оқушысы» атағына ие болған”, – делінген хабарламада.

Самир құрдастары арасында жинақы, мақсатшыл және жауапты оқушы ретінде танымал болған. Ол мектеп өміріне белсене қатысып, көшбасшылық қасиеттерін танытып келеді және үнемі өзін дамытуға ұмтылады. Оның айтуынша, болашақта ел игілігі үшін еңбек етуді, білім беру, өнер және спорт салаларында өзін жүзеге асыруды армандайды екен. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
IMO-2025: Қазақстандық жас математиктер әлемдік олимпиадада алты медаль жеңіп алды
19.07.2025ж. 15:54

IMO-2025: Қазақстандық жас математиктер әлемдік олимпиадада алты медаль жеңіп алды

Биыл олимпиадаға 112 елден 650-ге жуық үздік жас математик қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев мұны елдің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалаға
Еліміздің атынан қатысқан төрт оқушының бәрі жүлдеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →