×

Университет ректоры оңтүстік өңірдің мұғалімдерін «жемқор» деп жұмыстан қуды

Ашуға булыққандар университетіміз ұлттық деген статусты алғанымен, жалақымыз жыртығымызды жамауға да жетпейді деп отыр.

Университет ректоры оңтүстік өңірдің мұғалімдерін «жемқор» деп жұмыстан қуды
видеодан кадр

Ашылғанына бір жыл болған Тараздағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің ректоры қол астындағы оқытушыларды «Оңтүстік өңірден» болғаны үшін қуған деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Еуразия арнасының жаңалықтар қызметінің мәліметінше, президенттің тапсырмасынан кейін былтыр Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті екіге бөлінген. Жергілікті оқу орнының базасынан Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті енші алып шықты. Сәйкесінше, ұстаздар да екі жаққа бөлінді. Алайда жаңадан құрылған оқу орнының қызметкерлері тиісті еңбек демалыстарына шыға алмай қалған. Ал еңбек келісімшарты алты айда төрт рет өзгерген. Осы аралықта басшылық құрам отызға жуық адамды жұмыстан шығарып жіберген. 

Оқытушылардың айтуынша, ректор «Оңтүстіктікілер» топас, жемқор. Сендермен қалай жұмыс істеймін? Мен солтүстіктен мамандарды алдыртуға мәжбүрмін” деп олардың жер-жебіріне жеткен. 

Универсиеттің негізгі саласы – су саласы. Мұнда техника ғылымдарының докторы, профессор Қойбақов Сейітхан жұмыссыз қалды. Не себепті ондай шешім қабылдағанын білмей қалдық. Техника ғылымдарының кандидаты, доцент – Рахима Джурумбаева. Екеуі де негізгі гидротехниктер, – дейді әріптестері туралы айтқан аға оқытушы Алтай Игіліков.

Ашуға булыққандар университетіміз ұлттық деген статусты алғанымен, жалақымыз жыртығымызды жамауға да жетпейді деп отыр. Ал студенттер жағдайы тым қиын. Биыл бұл жоғары оқу орнын 400-ден аса білімгер аяқтайды. Алайда олар әлі дипломдық тақырыптарымен таныспаған. Ректор студенттерден униыерситет оқытушылары емес, шетелдік ғалымдар емтихан қабылдайтынын айтқан. 

Шетелдік ғалымдар біздің бітіруші түлектерімізден кешенді емтихан қабылдайды екен. Егер өте алмаса ол дипломдық жобалауға жіберілмейді. Студенттерге мұның бәрі ертерек айтылуы керек еді, – дейді Алтай Игіліков.

Ректор мен оқытушылар арасындағы жанжалдан хабардар болған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жағдайтын мән-жайын анықтады. Айтуынша, ректор әзірге қызметінен шеттетілмейтін көрінеді. Өйткені бұл бір министр ғана емес, бүкіл Үкіметпен қаралып, қабылданатын шешім екен.

Меніңше, бұл коммуникацияның дұрыс болмауы. Оны тез арада түзеу керек. Мен өзім міндеттеме алдым. Енді бірнеше рет десантпен келеміз. Бүкіл ішкі мәселелерді шешеміз. Мықты орынбасарларды береміз, – дейді Саясат Нұрбек.

Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің материалдық базасын нығайту үшін 5 жарым миллиард қажет. Сондықтан биыл бюджеттен 3 жарым миллиард қаржы бөлініп, ішкі мәселелер ретке келтірілмек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Маңғыстаулық 6-сынып оқушысы минутына 17 мың сөз оқи алады
05.06.2025ж. 09:41

Маңғыстаулық 6-сынып оқушысы минутына 17 мың сөз оқи алады

Ол екі жыл бұрын минутына небәрі 90 сөз оқи алатын болған
Қазір ол Назарбаев Университетінен де ресми жауап күтуде
Қазынадан Ұлытау облысы мен Назарбаев Университетіне 59 млрд теңге бөлінеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →