×

Талапкерге арналған күнтізбе: 2025 жылғы мектеп түлектері оқуға қалай тапсыратыны белгілі болды

Мемлекеттің грант иегерлері қашан белгілі болатыны анықталды

Талапкерге арналған күнтізбе: 2025 жылғы мектеп түлектері оқуға қалай тапсыратыны белгілі болды
Сурет: Depositphotos.com / XiXinXing

2025-жылғы мектеп түлектері оқуға қалай тапсырып, түсетіні туралы күнтізбе кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

Құрметті талапкерлер, сіздердің назарларыңызға талапкерге арналған күнтізбені ұсынамыз:

  •  Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді;
  •  ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым-25 тамыз;
  •  «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);
  •  Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады;
  •  Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді;
  •  Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады;
  •  Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан ала аласыздар.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Шығармашылық емтихандар уақыты да анықталды. 
Бұған дейін  осы оқу орнының студенті атанғанына қарамастан көшеден әскерге ұстап әкеткеніні туралы жазылған
Ашуға булыққандар университетіміз ұлттық деген статусты алғанымен, жалақымыз жыртығымызды жамауға да жетпейді деп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →