×

NU әскери борышын өтеуге шақырылған талапкерлер туралы мәлімдеме жасады

Мәселені шешу жолдары қарастырылып жатқаны айтылған. 

NU әскери борышын өтеуге шақырылған талапкерлер туралы мәлімдеме жасады
instagram.com/nuedukz

Nazarbayev University студент мәртебесі жоқ талапкерлерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ЖОО баспасөз қызметі әскерге шақыртылғандар туралы мәселені бірқатар жауапты органмен бірігіп шешу жағы қарастырылып жатқанын алға тартты.

Университет заңды түрде студент мәртебесі жоқ талапкелер — Foundation бағдарламасының түлектерінің мәселелері бойынша жұмыс істеп жатыр. Біз қазіргі кезде мүдделі тараптардың барлығымен - түлектердің жақындарымен, ҚР ҒЖБМ, ҚМ-мен тікелей байланыстамыз, мәселені шешуге барлық күш-жігерді салып жатырмыз. Сонымен қатар талапкерлерге олардың сәуірден тамызға дейін студент саналмайтыны туралы алдын ала ескертілген. Ол мәртебе, өз кезегінде, әскерден уақытша босату үшін керек болған, - делінген мәліметте.

Оқу орны алдағы уақытта мәселенің қалай дамып жатқаны туралы қосымша хабарланатынын алға тартты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Шығармашылық емтихандар уақыты да анықталды. 
Бұған дейін  осы оқу орнының студенті атанғанына қарамастан көшеден әскерге ұстап әкеткеніні туралы жазылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →