×

Семейдегі оқушының соққыға жығылуы: балалардың әке-шешелері ата-ана құқығынан айырылды

Семейдегі оқушының соққыға жығылуы: балалардың әке-шешелері ата-ана құқығынан айырылды
скрин видео

Семейде қатарластарын соққыға жыққан бір топ жасөспірімнің ата-аналарына қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Абай облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  үш іс аясында шешім қабылдады.

2025 жылдың сәуір-мамыр айларында Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның талап арыздары бойынша үш азаматтық іс қаралды.

Кәмелетке толмаған баланы соққыға жыққан алты ата-ананың үшеуі комиссия шешіміне шағым түсірген. Қалған ата-аналарға қатысты сот отырыстары өткізіліп, мынадай шешімдер қабылданды:

  • Кәмелетке толмаған қыздың анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыз қанағаттандырылды.

  • Басқа бір кәмелетке толмағанның анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап ішінара қанағаттандырылды. Ал әкесіне қатысты — оны ата-ана құқығынан айырудан бас тарта отырып, тәрбиелеуге ұзақ уақыт бойы қатыспауы және алкогольді зиянды түрде тұтынуы ескеріліп, ата-ана құқығы шектелді.

  • Аталған шешімдердің негізінде спирттік ішімдіктерге әуестік, әкімшілік жауапкершілікке бірнеше рет тартылу, наркологиялық және полиция есебінде тұру, баланы тәрбиелеуге қатыспау секілді жағдайлар қарастырылды.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан алимент пен мемлекеттік баж өндіріп алынды. Қыз балалар қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қарауында. Үшінші іс бойынша талапкер өкілі мен жауапкер тарап – кәмелетке толмаған баланың ата-анасының экстерриториялық соттылықты қолдану туралы өтініштері негізінде істі басқа облысқа жолдау туралы шешім қабылданды, – делінген Абай облыстық сотының хабарламасында.

Сотпен қабылданған шешімдер кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың өмір сүруіне, тәрбиеленуіне және дамуына қауіпсіз әрі қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғаны нақтыланады.

Еске салайық, 24 ақпанда желіде Семейде жасөспірімдер өзінің қатарласын аяусыз соққыға жыққаны туралы видео тараған еді. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, оқиғаның барлық қатысушысы дереу анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілгенін айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҰБТ-дан 140 балл жинаған Айша Сатыбалдыға мектебі пәтер сыйлады
Бүгін, 10:01

ҰБТ-дан 140 балл жинаған Айша Сатыбалдыға мектебі пәтер сыйлады

Бұған дейін осындай нәтижеге Түркістан облысынан Жәнібек Асқарұлы да қол жеткізген болатын
Форумның мақсаты –  өзекті жаһандық сын-қатерлерді шешуге жәрдемдесу
Курчатов қаласындағы ядролық сынақ полигоны бүгінде ерекше құнды ғылыми база болып табылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →