×

"Әскерге алып кету мен оқуға түсу мерзімі сәйкес келмейді" – министр Саясат Нұрбек жаңа ұсыныс туралы айтты

Министр Назарбаев университетіне оқуға түсуге ниеттенген талапкерді  мысалға келтірді

"Әскерге алып кету мен оқуға түсу мерзімі сәйкес келмейді" –  министр Саясат Нұрбек жаңа ұсыныс туралы айтты
Коллаж: Qaz365.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігі әскерге алып кету істеріне қатысты Қорғаныс министрлігіне ұсыныс тастаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

«Біздің жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімдері мен Қорғаныс министрлігінің әскерге шақырту мерзімдері сәйкес келмейді. Сондықтан жоғары оқу орнына тапсырып, емтихан нәтижесі шықпай жатып, көшеден алып кету үрдісі бар. Оған Назарбаев университетіне оқуға түсуге ниеттенген талапкер –  мысал болып отыр.  Бірақ ол оқиға заң аясында болғанын айта кету керек. Ендігі уақытта, мұндай мәселелер болмау үшін біз ұсыныс жасадық. Қорғаныс министрлігімен оқуға түсу мерзімдерін сәйкестендіру үшін. Студенттер нәтижелерін күту керек. Мысалы ҰБТ 7 шілдеге дейін болады. Шілденің соңына қарай нәтижелер шығады. Міне мен нақты студент болдым деген. Соны күтсе деген ұсыныс болды бізде», –  деді министр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Назарбаев Университетінен шақырту алғанына қарамастан, түн ішінде әскери комиссариатқа жеткізіліп, әскерге жөнелтілген 18 жастағы Нұрсұлтан Табынбайдың жағдайы қоғамда үлкен резонанс туғызған болатын. Qaz365.kz тілшісіне бауырының әскерге заңсыз әкетілгенін жазған Нұрсұлтанның әпкесі Эльмира Ромашова әділдік іздейтінін айтып хабарласқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →