×

Қазақстанда бірнеше миллион төлеп оқытатын жеке мектептер жабыла ма?

Қазақстанда бірнеше миллион төлеп оқытатын жеке мектептер жабыла ма?
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Аралбайұлы жеке меншік мектептердің жаппай жабылатыны туралы мәліметтер тарай бастағанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.  

Қазір елімізде 300 мыңнан астам оқу білім алатын 800 жеке меншік мектеп бар. Оларға мемлекеттік тапсырыс тоқтатылады екен деп жатыр. Ертең бірқатары жабыламыз деген хабарламасын айтып жатыр. Оларды қаржыландыру жергілікті бюджетке түсті. Ертең олардың бәрі жабылып қалса, 300 мың оқушыны қайда жібереміз, — деді Нартай Аралбайұлы.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жертөле мен мектепке сай емес ғимаратта ұйымдастырылған жеке меншік мектептер ғана жабылатынын айтты. 

Бізді сол жеке меншік мектепте оқып жатқан 300 мың баланың сапалы білім алуы министрлікті өте қатты алаңдатады. Біз Жоғары аудиторлық палатаның тексеруі нәтижесінде де жеке меншік мектептердегі білімнің сапасына үлкен сұрақтар туындағанын көріп отырмыз. Рас, егер жеке меншік мектептер жабылатын болса, мына жертөлелерде, мектепке тиесілі емес ғимараттарда орналасуы бірінші кезекте себеп болады. Сондай-ақ, өте сапалы білім көрсетіп отырған жеке меншік мектептеріміз бар. Оларға ешқандай қауіп төніп отырған жоқ. Мұны нақты айта аламын, — деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Оқушыға шампур тығып алды: министр кім жазалануы керектігін айтты
Бүгін, 16:04

Оқушыға шампур тығып алды: министр кім жазалануы керектігін айтты

Ол жауапкершілік ата-анаға жүктелуі қажеттігін алға тартты. 
Министр Назарбаев университетіне оқуға түсуге ниеттенген талапкерді  мысалға келтірді
Бұған дейін осындай нәтижеге Түркістан облысынан Жәнібек Асқарұлы да қол жеткізген болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →