×

Жатақхана мен тегін тамақ алу мүмкіндігі: eGov арқылы колледжге құжат тапсыру басталды

Енді  порталда төрт түрлі мамандықты төрт түрлі оқу орнында таңдауға болады

Жатақхана мен тегін тамақ алу мүмкіндігі: eGov арқылы колледжге құжат тапсыру басталды
Фотоколлаж

Биылдан бастап eGov арқылы колледжге құжат тапсыру кезінде енді жатақхана немесе тегін тамақ сұратуға болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР «Ұлттық ақпараттық технологиялар» орталығының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

“Өтініш беру кезінде бірден жатақхана немесе тегін тамақ беру қажеттігін көрсетуге болады. Сондай-ақ, әскерден келген азаматтар тиісті құжатты тіркей алады. Бұдан бөлек, жүйе таңдалған параметрлерге — аймақ, оқу тілі, бағыт және мамандыққа — сәйкес келетін колледждердің тізімін автоматты түрде ұсынады. Сондай-ақ “Серпін” бағдарламасына қатысатын өңірлерден шыққан ауыл мектептерінің түлектеріне арналған жеке сүзгі іске қосылды», – делінген орталық  хабарламасында.

Өтініш бір рет қана беріледі, бірақ төрт түрлі мамандықты төрт түрлі оқу орнында таңдауға болады. Қосылатын құжаттар көлемі 5 Мб-тан аспауы тиіс. Мемлекеттік қызмет 3–5 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Еске сала кетейік, колледждерге 9 және 11-сынып негізінде қабылдау:

  • Жалпы мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 22 тамызға дейін;

  • Шығармашылық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 20 шілдеге дейін;

  • Педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 10 тамызға дейін жүргізіледі.

 2025/2026 оқу жылында 150 мың талапкерді мемлекеттік грант бойынша қабылдау жоспарлануда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Химия, биология, география: Бірнеше пәннен сабақ беретін «универсал» мұғалімдер даярланады
Бүгін, 17:04

Химия, биология, география: Бірнеше пәннен сабақ беретін «универсал» мұғалімдер даярланады

2026 жылы білім саласына жаңа мемлекеттік стандарт енгізілмек
Педагог Рысбек Мәуіт оған Zeekr маркалы заманауи электр көлікті сыйлаған
Жаңа мектеп өңірдегі үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге сеп болады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →