×

Қазақстанда аралас энергия көздерін пайдалануға негізделген автономды энергиямен жабдықтау жүйесі әзірленуде

Жобаны сынақтан өткізу 2025 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр

Қазақстанда аралас энергия көздерін пайдалануға негізделген автономды энергиямен жабдықтау жүйесі әзірленуде
Сәтбаев университетінің баспасөз бөлімі

Сәтбаев Университетінде профессор, техника ғылымдарының докторы Амангельды Бекбаевтың ғылыми жетекшілігімен еліміздің шалғай өңірлерін үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуге бағытталған бірегей жоба жүзеге асырылуда. Жоба аясында күн, жел және су энергиясын бір арнаға тоғыстырған аралас гибридті жүйесі әзірленуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ғалымдардың бастамасымен жасалып жатқан бұл жүйе - Қазақстанның климаттық және географиялық ерекшеліктерін ескеретін, экологиялық жағынан қауіпсіз әрі тиімді шешім. Аралас қондырғы электр және жылу энергиясын орталықтандырылған желіден тыс тұтынушыларға — әсіресе ауылдық аймақтарға, мал шаруашылығы фермаларына, туристік базаларға және табиғи апаттар кезінде қажет болатын нысандарға — сенімді түрде жеткізуге мүмкіндік береді.

Профессор Бекбаевтың ғылыми тобы күн панельдері мен жел генераторларын жергілікті ауа райына бейімдеп, суы аз өзендердің әлеуетін пайдаланатын шағын гидроэлектр станциясының моделін де ұсынды. Бұл тәсіл табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға жол ашады.

2024 жылдың соңына дейін жобада елеулі нәтижелерге қол жеткізілді: физикалық модельдер дайындалып, сынақтық қондырғылар іске қосылды, ғылыми мақалалар жарияланып, өнертабысқа патенттік өтінімдер жолданды. Қазіргі таңда жүйенің техникалық және технологиялық сипаттамалары пысықталуда.

Жобаны сынақтан өткізу 2025 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл бастама елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, жасыл энергетиканы дамытудың жаңа кезеңіне жол ашпақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жекеменшік мектепте бала саны 200-ге жетпесе, мемлекет қаржыландыруды тоқтатуы мүмкін 
Командалық есепте 24 ел қатысушылары арасында біздің оқушыларымыз екінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →