×

“Бала саны аз” деп жекеменшік мектепті мемлекет қолдауынан айыруға болмайды — Нұргүл Тау

Жекеменшік мектепте бала саны 200-ге жетпесе, мемлекет қаржыландыруды тоқтатуы мүмкін 

“Бала саны аз” деп жекеменшік мектепті мемлекет қолдауынан айыруға болмайды — Нұргүл Тау
Фото әлеуметтік желіден

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау жекеменшік мектептерді бала санының аздығына байланысты мемлекет қолдауынан айыру бастамасын қолдамайды. Бұл туралы ол Qaz365.kz порталына берген сұхбатында айтты.

— Жекеменшік мектеп дегенде біз тек бір-екі мектептің мәселелерін емес, жалпы Қазақстан аумағындағы мектептердің мәселесін қарауымыз керек. Бұл жерде көптеп жабылып жатыр дегенге келісе қоймаймын. Жұмысы дұрыс ұйымдастырылмаған немесе материалдық-техникалық базасы жабдықталмаған бірен-саран мектеп жабылғалы жатқан шығар. Бірақ жақында ғана оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы шыққанын немесе шыққалы жатқанын естідім. Оған сай 200 баладан аз жекеменшік мектептерге төлемақы бермеу жайлы айтылады. Ол дұрыс емес, — деді Нұргүл Тау Үкімет кулуарында.

Депутаттың сөзінше, ауылдардағы мектепте ол санға жетпеуі мүмкін. Сондықтан лицензиясын алып, толық бақылаудан өткен, материалдық-техникалық базасы бар жағдайда оны төлемнен айыру дұрыс емес шешім деп ойлайды. 

— Әзірге ол бұйрық шыққан жоқ. Дайындалып жатқаны айтылды. Сондықтан барлығына бірдей бөлу - баланың құқығы. Көп мектепте бала тапшы. Ауылда үлкен мектеп болуы мүмкін. Сол себепті бұл жерде ең алдымен сапаға көңіл бөлу керек, - дейді Нұргүл Тау.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әбенов Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы жеке мектептердің қысымына бой алдырмауға шақырды
Қызылорда облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 6 900 орынға арналған 10 мектеп салынды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →