×

“Тәртіпке келтіретін дүниелер бар”: Ғани Бейсембаев жекеменшік мектептер жайлы даулы сұраққа жауап берді

Министр қаржыландыру жағынан мәселе жоғын мәлімдеді

“Тәртіпке келтіретін дүниелер бар”: Ғани Бейсембаев жекеменшік мектептер жайлы даулы сұраққа жауап берді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев кейінгі кезде даулы болған жекеменшік мектептер жөнінде Qaz365.kz тілшісінің сұрағына жауап берді. 

Бұл сұрақ министрге Үкімет кулуарында қойылды. Бейсембаев қаржыландыру жағынан мәселе жоғын айтады.

— Жекеменшік мектептерге қаржыландыру кешігіп жатқан жоқ. Бәрі берілді. Бізде тек қана Қарағанды, Қызылорда, Алматы өңірлерінде ғана ақшаны берудегі процестердің, жекеменшік мектептердің актіні өткізуіне қатысты кідірулер бар екенін маған жергілікті әкімдіктер баяндап отыр. Ал негізінде барлық мектептер, әсіресе, мен қадағалап отырған, ата-аналардан еш қаржы алмай жұмыс істейтін мектептердің бірінші кезекте қаржыландыруын және оны тоқтатпауды аса қатты қадағалап отырмыз, - дейді ол.

Министрдің сөзінше, мектептер жекеменшік болғаннан кейін негізгі дені 1 миллион теңгеден аса қосымша ақы алады. Олардың аса бір проблемасы жоқ. 

— Қаржыландыру мәселесі бөлек дүние. Мемлекет қолдауының арқасында 20-30 бала жинап алып, ешқандай инвестиция салмай, байқап отырсақ 60-70 пайызы инвестиция құймаған. Мектеп салынбаған. Бір нысанның ішіне мектеп ашқан мекемелеріді көріп отырмыз. Ең бастысы ата-аналарды алдамай, сапалы білім беру керек. Сондықтан бұл жерде тәртіпке келтіретін дүниелер бар. 200 бала деген - 8 сынып. Ал мектеп толық па, емес пе - үлкен сұрақ туындайды, - дейді ол.

Бейсембаев жекеменшік мектептердің ұсынысы 200 бала деп отырғанын айтты. 

— Ал 20-30 баламен ашылған мектептердің келіспейтіндері белгілі. Бірақ шешім әлі шыққан жоқ. Әлі талқыланып жатыр, - деп түйді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
“Бала саны аз” деп жекеменшік мектепті мемлекет қолдауынан айыруға болмайды — Нұргүл Тау
Бүгін, 19:35

“Бала саны аз” деп жекеменшік мектепті мемлекет қолдауынан айыруға болмайды — Нұргүл Тау

Жекеменшік мектепте бала саны 200-ге жетпесе, мемлекет қаржыландыруды тоқтатуы мүмкін 
Командалық есепте 24 ел қатысушылары арасында біздің оқушыларымыз екінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →