×

Астанадағы халықаралық мектеп директоры мен бугхалтері 900 миллион теңге жымқырған

 Бұл сома ата-аналардан дайындық сыныптарына оқыту және жазғы лагерьге қатысу үшін қолма-қол алынған 

Астанадағы халықаралық мектеп директоры мен бугхалтері 900 миллион теңге жымқырған
Сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

 Астана қаласындағы  «№81 Astana English School халықаралық мектебі» КММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“Астана қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп ҚМА, бұрынғы директор мен бас бухгалтердің 900 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды. Бұл соманың бір бөлігі – ата-аналардан дайындық сыныптарына оқыту және жазғы лагерьге қатысу үшін қолма-қол алынған ақша, алайда бұл қаражат мекеме шоттарына түспей, ұрланған. Сонымен қатар, шамамен 16 млн теңге іс жүзінде ұйымда жұмыс істемейтін жалған қызметкерлер атына аударылған. Олардың қатарында күдіктілердің жалған түрде рәсімделген туыстары да бар.Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табыстарға жалпы құны 382 млн теңгені құрайтын мүлік сатып алған: коттедж, елордада екі пәтер және автокөлік”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Қазіргі уақытта, сот санкциясымен олардың мүлікіне тыйым салынып, күдіктілер қамауға алынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандық 20 студент Бішкектегі университеттен шығарылды
Бүгін, 16:22

Қазақстандық 20 студент Бішкектегі университеттен шығарылды

Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде қызметтік жалғандық фактілері анықталды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →