×

Қазақстандық 20 студент Бішкектегі университеттен шығарылды

Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде қызметтік жалғандық фактілері анықталды.

Қазақстандық 20 студент Бішкектегі университеттен шығарылды
instagram.com/gknb.official

2025 жылғы 1 шілдеде Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде (ҚМУ) қызметтік жалғандық деректері анықталғанын хабарлады. Бұл туралы ЖОО-ның баспасөз хабарламасына сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.

Мекеме мәліметінше, шетелдік студенттердің оқуы бойынша заңбұзушылықтар туралы нақты деректер тіркелген. Тергеу барысында кейбір студенттердің оқу орнына ресми түрде қабылданғанымен, шын мәнінде ел аумағында болмағаны және оқу процесіне қатыспағаны анықталған.

Аталған факті бойынша Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы, 1-бөлігі («Қызметтік жалғандық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жүргізілген комиссиялық тексеру бұл заңбұзушылықтарды растады. Нәтижесінде 59 шетелдік студент оқудан шығарылды:

30 – Өзбекстан азаматы,

20 – Қазақстан азаматы,

9 – Ресей азаматы.

Қазіргі таңда ҚМУ-дың оқытушылары мен әкімшілік құрамының бұл іске қатысы бар тұлғаларын анықтау үшін тергеу амалдары жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Мемлекет басшысы ұстаз құқығын қорғау мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынды
Мемлекет басшысы шын мәнінде мұғалімдер мемлекеттік маңызы бар жұмыс атқарып жатқанын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →