×

Ғани әке… Министрге 235 оқушы хат жазды

Министрдің айтуынша, хаттарда көтерілген ұсыныстар мен мәселелер жүйеленіп, жан-жақты пысықталуда.

Ғани әке… Министрге 235 оқушы хат жазды
Оқу-ағарту министрлігі

2025 жылғы 27 мамыр мен 2 маусым аралығында өткен «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында ұйымдастырылған «Министрге хат» акциясына 235 бала қатысты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі ресми мәлімдеді,деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министр Ғани Бейсембаев әрбір хатты мұқият оқып шыққанын айтып, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

«Шындығында ашық жазылған ұсыныс-пікірлер, жүрекжарды тілектер мен балаға тән таза бұлақтай ойға толы хаттар мені қатты толғандырды. Оларды оқып отырып, балалармен бетпе-бет сөйлесіп отырғандай күй кештім», – деп жазды ол.

Министрдің жүрегіне ерекше әсер еткен хаттың авторы – Тараз қаласындағы №66 мектептің 7-сынып оқушысы Артем Погорелов. Артем патронаттық отбасында тәрбиеленіп жатыр және қазақ тілінде оқиды. Мектеп жаңалықтарын жүргізеді, болашақта журналист болуды армандайды.

Артем хатын «Ғани әке…» деп бастап, мейірім мен ізгілікке толы сөздермен бөліскен. Министр оның шынайы жазбасын бірнеше рет қайталап оқып шыққанын айтып, Артеммен Астанада жеке кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Сол кездесу өзің айтқандай әке мен бала арасындағы шынайы әңгімеге айналады деп сенемін», – деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, хаттарда көтерілген ұсыныстар мен мәселелер жүйеленіп, жан-жақты пысықталуда. Кейбір мәселелерді шешу үшін қоғамдық талқылаулар мен пікір алмасулар ұйымдастырылатын болады.

Қатысушылар туралы мәлімет:

  • Ең белсенді жас тобы – 11–14 жас аралығындағы оқушылар (59%)

  • 15–17 жас – 26%

  • 7–10 жас – 15%

  • Хат жолдағандардың 56%-ы – қыздар, 44%-ы – ұлдар

«Министрге хат» акциясы балалардың ойы мен тілектеріне құлақ асудың бірегей алаңына айналды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Farabi Hub түлектерді қарсы алуда: ҚазҰУ-де диплом табыстау басталды
Кеше, 21:01

Farabi Hub түлектерді қарсы алуда: ҚазҰУ-де диплом табыстау басталды

Рәсім өткізу үшін дипломдарды тапсырудың бірыңғай сценарийі мен регламенті бекітілді.
Рилстің аты рилс, жұмысты көрсету керек, балалармен жақын қарым-қатынас болуы керек.
Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде қызметтік жалғандық фактілері анықталды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →