×

«Бағанашыл» балалар үйінің қызметкерлері жұмысқа орналастырылды

Кездесуде балалар үйінің жұмысына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

«Бағанашыл» балалар үйінің қызметкерлері жұмысқа орналастырылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйінің қызметкерлері Алматы қаласы білім басқармасына қарасты ұйымға жұмысқа орналастырылады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бүгін Алматы қаласы мәслихатының депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқығын қорғау комитетінің, Алматы қаласы және Алматы облысы білім басқармаларының өкілдері «Бағанашыл» шағынауданындағы «Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау облыстық орталығы» КММ ұжымымен жеке кездесу өткізді.

Кездесуде балалар үйінің жұмысына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Орталықтың қызметкерлеріне (педагогтарға) Алматы облысынан Алматы қаласы Басқармасына қарасты ұйымға ауыстырылып, еңбек құқығы сақталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбек шарттары қайта рәсімделетіндігі және бұл жеке жазбаша келісім арқылы жүзеге асырылатыны жеткізілді.

Балалар үйі қызметкерлерін жұмыстан босату туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Сондай-ақ, «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері өз Орталығының аумағында тұра береді және Алматы қаласында білім алады.

Балалардың қауіпсіздігін және оларға лайықты жағдай жасауды қамтамасыз ету – қала әкімдігінің және Оқу-ағарту министрлігінің басты басымдығы. Жағдай тұрақты бақылауда болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда жүлдегерлер мен мұғалімдерге сыйақы төленетін халықаралық олимпиадалардың тізімі ұлғайтылды
07.02.2026ж. 16:16

Қазақстанда жүлдегерлер мен мұғалімдерге сыйақы төленетін халықаралық олимпиадалардың тізімі ұлғайтылды

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ педагогтер мемлекеттік бюджет қаражатынан біржолғы сыйақы алатын болады.
Академияда грант атаққа емес, нақты нәтиже мен тәртіпке қарай берілетінін айтылды
Қазіргі таңда Қазақстанның орта білім беру жүйесінде барлығы 8 848 мектеп бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →