×

2025 жылғы грант бөлу нәтижесі бойынша ең сұранысқа ие мамандықтар белгілі болды

Талапкерлерді қабылдау процесі 2025 жылғы 25 тамызға дейін аяқталады.

2025 жылғы грант бөлу нәтижесі бойынша ең сұранысқа ие мамандықтар белгілі болды
Фото: freepik

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Комиссия отырыстарында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттары қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен бөлінді.

«Биыл конкурсқа қатысу үшін шамамен 113 мың өтініш қабылданды. Талапкерлер арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», - деп атап өтті министр.

Грант тағайындау конкурсының нәтижелері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми ақпараттық көздерінде және әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау процесі 2025 жылғы 25 тамызға дейін аяқталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →