×

Грант 2025: Конкурс нәтижелерін қайдан көруге болады?

Биыл конкурсқа қатысу үшін шамамен 113 мың өтініш қабылданды

Грант 2025: Конкурс нәтижелерін қайдан көруге болады?

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. Комиссия отырыстарында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен жүзеге асырылды. Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін!

Биыл конкурсқа қатысу үшін шамамен 113 мың өтініш қабылданды. Талапкерлер арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар». 

Грант тағайындау конкурсының нәтижесін Qaz365.kz телеграмм арнасынан көре аласыз.

Жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау процесі 2025 жылғы 25 тамызға дейін аяқталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда ҰБТ халықаралық үлгіде өткізіледі
Кеше, 13:23

Қазақстанда ҰБТ халықаралық үлгіде өткізіледі

Пилоттық жобаны 2027 жылдан бастап іске қосу жоспарлануда
QS рейтингіндегі жетістіктер Қазақстан университеттерінің халықаралық беделін арттырды
.Халықаралық деңгейде IT мамандарын даярлайтын жаңа жоғары оқу орны
Енді олар белгілі тұлғалардың атын өз бетінше бере алмайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →