×

Қазақ сыныптарын қалай көбейтеміз? Министр балабақшаларға қандай бағдарлама енгізілетінін айтты

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев балабақшаларға қандай бағдарлама енгізілетінін айтты

Қазақ сыныптарын қалай көбейтеміз? Министр балабақшаларға қандай бағдарлама енгізілетінін айтты
Qaz365.kz

Оқу-ағарту министрлігі қазақ тілін ерте жастан үйрету арқылы қазақ сыныптарының санын арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрдің айтуынша, қазақ тілін үйретуге бағытталған «Тілге бойлау» атты жаңа жоба 2023 жылы пилоттық режимде жүзден астам балабақшада іске қосылған. Атап айтқанда, Астана қаласының өзінде 20-дан астам балабақшада бағдарлама сынақтан өткен. Алғашқы нәтижелер оң бағаланған.

«Балабақша ұжымы, ата-аналар тарапынан үлкен қызығушылық байқалды. Жоба балалардың тілді қабылдауына, қазақ тілінде еркін сөйлеуіне жақсы серпін беріп жатыр. Сондықтан осы қыркүйектен бастап «Тілге бойлау» бағдарламасын еліміздегі барлық балабақша мен мектептерге кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отырмыз», — деді министр.

Бағдарлама тек баланы қазақ тіліне бейімдеумен шектелмейді. Оқу-ағарту министрлігі ата-аналармен жұмысты да басты назарға алмақ. Бұл — баланың отбасындағы тілдік ортасын да қазақ тіліне жақындатуға бағытталған қадам.

Министрліктің мәлімдеуінше, жаңа жоба мемлекеттік тілді меңгеруге қолайлы жағдай қалыптастыруды мақсат етеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда ҰБТ халықаралық үлгіде өткізіледі
Кеше, 13:23

Қазақстанда ҰБТ халықаралық үлгіде өткізіледі

Пилоттық жобаны 2027 жылдан бастап іске қосу жоспарлануда
QS рейтингіндегі жетістіктер Қазақстан университеттерінің халықаралық беделін арттырды
.Халықаралық деңгейде IT мамандарын даярлайтын жаңа жоғары оқу орны
Енді олар белгілі тұлғалардың атын өз бетінше бере алмайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →