×

Мектептерде даладағы әжетханалар қашан жойылады? Министр жауап берді

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, даладағы әжетханалар саны әлдеқайда азайған.

Мектептерде даладағы әжетханалар қашан жойылады? Министр жауап берді
t.me/KZgovernment

Қазақстанның оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептердегі далада орналасқан әжетханалар мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еліміздегі мектептерде даладағы әжетханаларды жою мәселесі 2019 жылдан бері талқыланып келеді. Сол жылы Таразда 12 жастағы қыз бала мектеп ауласындағы даладағы әжетханада зорланған еді. Оқушы сабақ үстінде дәретханаға бару үшін рұқсат сұрап, мектеп ішіндегі әжетхана жабық болғандықтан, сырттағы дәретханаға баруға мәжбүр болған.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бұрынғы жылдармен салыстырғанда, даладағы әжетханалар саны әлдеқайда азайған.

Бұған қосымша қаржы қажет, оны әкімдік бөлуі тиіс. Сондықтан бұл бағытта бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Жыл соңына дейін жылы дәретханасы бар және даладағы дәретханасы да қалған мектептердің тізімін жасадық. Ондай 194 нысан анықталды. Бұған дейін олар «жабылған» деп хабарланған, алайда қазір біз оларды толық бұзуды талап еттік. Жыл соңына дейін бұл дәретханаларды толығымен бұзып, мәселені біржола шешеміз деп ойлаймын, – деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада 1500 орындық жаңа «Келешек мектебінің» құрылысы аяқталды
Бүгін, 17:16

Қызылордада 1500 орындық жаңа «Келешек мектебінің» құрылысы аяқталды

Қызылорда облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 6 900 орынға арналған 10 мектеп салынды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →