×

Мектептен тыс жерде қандай да бір оқиға орын алса, мұғалім жауапты болмайды – Президент

Мемлекет басшысы ұстаз құқығын қорғау мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізуді ұсынды

Мектептен тыс жерде қандай да бір оқиға орын алса, мұғалім жауапты болмайды – Президент
Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Тамыз конференциясында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен сөз басында ұстаздардың өз міндетінен тыс жұмыстардан босатылғанын айттым. Бірақ, кейде жергілікті билік өкілдері заң талаптарын өрескел бұзып жатады», - деді Тоқаев.

Президенттің сөзінше, егер мектептен тыс жерде, ата-аналардың салғырттығынан қандай да бір оқиға орын алса, мұғалім жауапты болмайды.

 

Мемлекет басшысы «Ұстаздық – жай мамандық емес, бұл – ұлы миссия» деп мәлімдеді. Оның сөзінше, әлем тарихында білім-ғылымды басты орынға қойып, дамудың даңғыл жолына түскен, орасан зор табысқа жеткен елдер аз емес. Білім мен ғылым Қазақстан дамуының қозғаушы күші болуға тиіс.

“Алдағы жылдары осы міндетті орындауға бар күш-жігерімізді салып жұмыс істеуіміз керек. Бұл – Мемлекет басшысы ретінде мен үшін мызғымас басымдық. Мен Қазақстан ұстаздарының қажырлы еңбегін жоғары бағалаймын, сіздер жас буынға беріп жатқан білімнің күшіне сенемін. Шын мәнінде, ұстаздық – жай мамандық емес, бұл – ұлы миссия. Адам қандай жетістікке жетіп, биікке шықса да, ұстазының алдында өмір бойы шәкірт болып қалады. Қазақстанның жарқын болашағы Сіздердің табанды еңбектеріңізге тікелей байланысты. Себебі, сіздер тұтас ұлтты оқытып, тәрбиелеп жатсыздар. Осы жауапкершілікті терең сезініп, қастерлі міндетті абыроймен атқара бересіздер деп сенемін”, – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →