×

2025 жылы оқушыға көмек: 20 млрд теңге кімдерге және қалай бөлінеді

Бұл қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтып отыр

2025 жылы оқушыға көмек: 20 млрд теңге кімдерге және қалай бөлінеді
Фото әлеуметтік желіден

Қазақстанда жаңа оқу жылына дайындық аясында ата-аналардың есепшоттарына шамамен 20 млрд теңге аударылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрлік дерегінше, қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтып отыр. Яғни мектеп формасы, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін олардың шамамен 87%-ы көмек алған.

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін шамамен 20 млрд теңге аударылды. Қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтыды, бұл жалпы алушылар санының 87%-ына жуық. 2025 жылы көмек 500 мыңнан астам балаға көрсетіледі. Оның ішінде – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, аз қамтамасыз етілген және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балалары, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар бар», - дейді министрлік.

Ведомство мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда Астана мен Шымкент қалаларында қаражат толық аударылып, барлық отбасы көмек алған.

2025 жылы «Жалпыға бірдей білім беру» қоры бойынша жалпы қаржыландыру көлемі 23,1 млрд теңгені құрайды. Төлем мөлшері өңірлік бюджетке сәйкес, мәслихат шешімі негізінде белгіленеді және бір балаға кемінде 46 228 теңгеден төмен болмауы тиіс.

Айта кетейік, 2023 жылдан бері материалдық көмек көлемі 2,5 есеге өсіп, 17 мыңнан 46 мың теңгеге дейін артқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырауда жастардың құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған зияткерлік сайыс өтті
Елордада жиналған мектеп басшылары қаржыландыруды талап етті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →