×

Қызылордада ұстаздардың облыстық тамыз конференциясы өтті

Қызылордада ұстаздардың облыстық тамыз конференциясы өтті
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында ұстаздардың облыстық тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова, құқық қорғау органдарының басшылары, еңбек ардагерлері мен ұстаздар қатысты.

Конференцияда білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен жаңа бастамалар жан-жақты талқыланды. Облыс әкімі ұстаздардың жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегін атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес білім мен тәрбие жұмыстарының аясын кеңейту, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, мұғалім мәртебесін арттыру бағыттары негізгі басымдық ретінде белгіленді.

Мемлекет басшымыз білім мен тәрбие жұмыстарының аясын кеңейту, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу, мұғалімнің беделі мен мәртебесін арттыру секілді негізгі  бес басымдықты айқындап, нақты тапсырмалар берді. Бұл – тек ұстаздарға ғана емес, әрбірімізге жүктелген үлкен жауапкершілік, маңызды міндет. Биыл балаларды қосымша біліммен қамтуға 9 млрд.теңге қаржы бөлініп, 34 мыңға жуық бала тегін спорттық-шығармашылық секцияларға қатысуда. Осыған дейін үйірмелерді жан басына қаржыландыру спорт, мәдениет басқармалары арқылы ұйымдастырылған болатын. Алдағы жаңа оқу жылынан  қосымша білім беруді қаржыландыру функциясы пилоттық жоба аясында еліміздің 6 облысындағы білім басқармасына беріле бастайды. Оның қатарында біздің аймақ та бар. Кез келген мамандық, кез келген лауазым иесі ұстаздан білім, тәрбие алады. Күні бүгінге дейін ұстазымыздың алдында өзімізді шәкірт сезінеміз, саналы тәрбиесі мен сапалы білім бергені үшін басымызды иіп, құрмет тұтамыз. Шәкірті үшін өз уақытын аямайтын, өзгенің бақытын бағалайтын ұлағатты ұстаз қандай құрметке болсын лайық. Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жастарымыздың бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ болуы – Сіздердің қолдарыңызда, мәртебелі ұстаздар!», - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Қаржыландыру және жаңа бастамалар

  • Биыл балаларды қосымша біліммен қамтуға 9 млрд теңге бөлініп, 34 мыңға жуық бала тегін спорттық және шығармашылық секцияларға қатысып жүр.

  • «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында өңірде 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізілуде, олардың бір бөлігі пайдалануға берілді.

  • Соңғы үш жылда облыстың білім беру саласына 812 млрд теңгеден астам қаржы қаралған.

Марапаттар

Конференция барысында бірқатар ұстаздар мемлекеттік наградаларға ие болды:

  • №23 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Айгүл Қиясова – «Құрмет» ордені;

  • №3 ақпараттық мектеп-лицейінің директоры Ләззат Әбенова – «Ерен еңбегі үшін» медалі;

  • Мұғалімдерге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің төсбелгілері мен облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Сонымен қатар «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын Шиелі ауданындағы №47 мектеп-лицей жеңіп алды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →