×

Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

Жалпы конкурсқа 20 мыңнан астам адам қатысты

Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды
pexels.com

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратура бойынша 2025-2026 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 20 мыңнан астам адам қатысты.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2025 жылдың 28 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін төмендегі сілтемеден көре аласыздар: 

Телеграм-канал: https://t.me/qaz365kz

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →