×

140 балл жинаған түлек қай университетті таңдады?

Соңғы тоғыз жылда мұндай нәтижеге бар-жоғы үш оқушы ғана қол жеткізген еді.

140 балл жинаған түлек қай университетті таңдады?
Фото: EDUSER

Түркістан облысының түлегі Әбілхан Жәнібек биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары көрсеткіш – 140 балл жинап, Astana IT University-де «IT» мамандығы бойынша білім алу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ал Әбілхан дайындалған EDUSER білім беру орталығы өз уәдесінде тұрып, студентке университетке жақын маңдағы еуропалық стандарттағы екі бөлмелі пәтерді сыйға тартты.

Әбілхан Жәнібек – 2025 жылы барлық бес пәннен толық балл жинап, 140 ұпай алған жалғыз түлек. EDUSER дерегінше, орталықтың дайындық курстарына биыл шамамен 400 оқушы қатысқан. Алайда тарихи рекордты орнатқан – дәл осы Әбілхан.

2025 жылы Әбілхан жаңа рекорд орнатты. Одан бөлек 120-130 баллдан жоғары жинап, мемлекеттік грантқа түскен шәкірттеріміз көп. 2026 жылы да 140 балл алған түлекке, ол қай қалада оқыса да, пәтер сыйлауды жоспарлап отырмыз, – деді EDUSER директоры Айдос Жұманазар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →