×

«Егжей-тегжейін жазбаңыздар»: Министрлік журналистерге үндеу тастады

Студенттер оқиғасының барлығы биіктен құлау арқылы болған

«Егжей-тегжейін жазбаңыздар»: Министрлік журналистерге үндеу тастады
Фото әлеуметтік желіден

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ақерке Абылайхан журналистерді студенттердің өз-өзіне қол жұмсауы туралы материалдарды жариялағанда аса сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақерке Абылайханның айтуынша, соңғы уақыттарда өз-өзіне қол салу фактілері бір сценариймен қайталанып жатыр.

«Байқайсыздар ма, студенттердің өз-өзіне қол салу жағдайлары бір-біріне ұқсап барады. БАҚ-тан қараңыздаршы, Вертер әсері деген бар. Меніңше, біз кейде солай істеуге болады дегенді өзіміз көрсететін секілдіміз. Егер осы фактілер жайлы жазар болсақ, егжей-тегжейін жазбай-ақ қоялықшы. Мұндай қайғыға душар болған отбасылардың өзі «жеке мәліметтерімізді жарияламаңыздаршы» деп өтінеді. Соңғы үш оқиғаның барлығы биіктен құлау арқылы болған. Ал құқық қорғау органдары әр істі тергеумен айналысып жатыр», – деді ол.

Министрлік өкілі журналистерге үндеу тастап, студенттердің суицид жағдайларын жазғанда жеке мәліметтерді жарияламауға және әдісті сипаттап көрсетпеуге шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді
Бүгін, 17:01

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жаңа 6 мамандық ашылды.
Бағдарлама қазақстандық оқу жүйесіне бейімделген
Соңғы тоғыз жылда мұндай нәтижеге бар-жоғы үш оқушы ғана қол жеткізген еді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →