×

«Қожаның мектебі бұдан жақсы еді»: БҚО-дағы ескі мектеп жұрттың ашуын туғызды

Білім ордасының ескі әрі аяушылық жағдайда екені көрінеді

«Қожаның мектебі бұдан жақсы еді»: БҚО-дағы ескі мектеп жұрттың ашуын туғызды
скриншот

Батыс Қазақстан облысының Бөкей орда ауданындағы Жетібай ауылындағы Жамбыл Жабаев атындағы мектеп қоғам назарын аударды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаны көрген жұрт ескі мектептің жай-күйін қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталмыш бейнежазбада білім ордасының ескі әрі аяушылық жағдайда екені көрінеді. Ақпаратқа сәйкес, мектеп ғимаратында тек бастауыш сынып оқушылары оқиды. Ал төртінші сыныпты аяқтағаннан кейін балалар білімін 500 шақырым қашықтықтағы аудан орталығындағы мектеп-интернатта жалғастыруға мәжбүр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ғимаратты жыл сайын ата-аналар өз қаражаттарына сырлап, әктеп, тазалап келеді.

Бұл видео желі қолданушыларының ашуын туғызып, түрлі пікір қалдырған.

«Мынау қай ғасырдағы мектеп?», «Әкім мен білім басқармасы қайда қарап отыр?», «Мұнайлы Қазақстандағы мектептің түрі», «Мешіт салғанша, балаларға мектеп салыңдар», «Қожаның мектебі бұдан жақсы еді ғой» деген пікірлер қарша бораған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Министрлік елімізде алғашқы тоқсан аяқталатынын алға тартты. 
Буллингке және ерте жүктілікке қарсы бастамалар қолға алынып жатыр
Зерттеу барысында ғалымдар 21 ежелгі адамның геномын секвенирлеген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →