×

Жекеменшік мектептерге жаңа талап қойылады

Енді олар белгілі тұлғалардың атын өз бетінше бере алмайды

Жекеменшік мектептерге жаңа талап қойылады
Фото: gov.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында мәдениет пен білім саласына қатысты заң жобасы екінші оқылымда қаралады. Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жайлы желіде жазған депутат Асхат Аймағамбетов заң жобасындағы негізгі өзгерістерді атап өтті: 

Талантты оқушыларды қолдау

Енді халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары 6 млн теңгеге дейін сыйақы алады. Оларды дайындаған ұстаздарға да біржолғы төлем беріледі. Өткен жылы жеңімпаздарға ҰБТ тапсырмай-ақ грантпен ЖОО-ға түсу құқығы берілсе, бұл шара – сол қолдаудың жалғасы.

Білім ұйымдарына есім беру тәртібі

Енді жекеменшік мектептер белгілі тұлғалардың атын өз бетінше бере алмайды. Ол үшін ономастикалық комиссияның ресми келісімі қажет болады.

Университеттерді қаржыландыру

ЖОО қаржыландыруы студент санына емес, сапа көрсеткіштеріне байланысты болады. Бұл бәсекелестікті арттырып, оқу бағдарламаларын жақсартуға жол ашады.

Міндетті өтеуден босату

Мүгедек баласы бар немесе ауыр науқас туысын бағып отырған түлектер грантты өтемеден босатылады. Ал шетелде оқуын жалғастырып жүргендерге (резидентура, магистратура, аспирантура, докторантура) оқуын аяқтағанға дейін кейінге қалдыру құқығы беріледі.

Балабақшаларды қорғау

Мемлекеттік балабақшаға бөлінген жерлердің мақсатын өзгертуге тыйым салынады. Олар сауда орталығына айналмайды, жеке меншікке берілмейді. Сонымен бірге, енді балалар 6 жасқа қыста толса да, жазға дейін балабақшада қала алады. Бұрын қаңтарда 6-ға толған балаларды бірден шығарып тастайтын жағдайлар жиі кездесетін. Ол ата-аналарға үлкен қиындық тудыратын. Енді бұл мәселе шешілмек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Мәселе облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының талқылауына шығарылды.
Депутат Жасанды интеллектіні пайдалану «сабақты ChatGPT-мен оқу» дегенді білдірмейтінін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →