×

«Қарызға баттық»: Жеке меншік мектептер құлдыраудың алдында тұр

Елордада жиналған мектеп басшылары қаржыландыруды талап етті

«Қарызға баттық»: Жеке меншік мектептер құлдыраудың алдында тұр
Коллаж Qaz365.kz

Бүгін Астанаға еліміздің әр өңірінен келген жекеменшік мектептердің 30-40 шақты иесі мен директоры мемлекеттен бөлінетін қаржыландыруды сақтап қалуды талап етіп, бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олардың айтуынша, бұған дейін Қаржы орталығы арқылы жеке мектепте оқитын әр оқушыға субсидия төленіп келген. Бұл тетік жеке мектептерді қолдаумен қатар, елдегі үш ауысымды мектеп мәселесін шешуге мүмкіндік берген. Ал биыл бұл жүйеде кідіріс пайда болып, қаржыландыру мәселесі туындаған.

«Мына жерде қатты дағдарыс болады. Біз екінші деңгейлі банктерден несие алдық. Ойлаңызшы, 60 мұғалімге ай сайын кемі 300 мың теңгеден жалақы төлеу керек. Бірақ Қаржы орталығы қаржыны кешіктірсе немесе тоқтатса, біз қарызға батып, минусқа кетеміз. Алдын ала еш ескертпеді. Қазір жеке мектептер құлдыраудың алдында тұр», – дейді олар.

Жиналған жеке мектеп басшылары Оқу-ағарту министрлігінен және Қаржы орталығынан бұл мәселені жедел шешуді талап етті. Олардың айтуынша, қаржыландыру тоқтаса, үш ауысымды мектептерді азайтуға үлес қосып отырған жеке меншік білім ошақтары жабылудың алдында тұр.


«Мәселені тездетіп шешпесеңіздер, қандай жағдай болатынын білмейміз. Біз мұңымызды айтуға келіп отырмыз. Айналайын, Оқу-ағарту министрлігінің басшысы, Қаржы орталығының басшысы, бізге қарай көңіл аударыңыздар. Жеке меншік мектеп құлдырап жабылуға айналды. Жас кәсіпкерлерді қолдау керек деп ел басшысы айтқан еді. Жеке мектептер кемі 50 мұғалімді жұмыспен қамтып отыр. Мәселен, тек Түркістан облысының өзінде 51 мың бала жекеменшік мектептерде оқиды. Солардың бәрін қысқарту идеясы ғой бұл», - дейді Түркістаннан келген жеке меншік мектептің директоры Айдос Мұқанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сүлейменова министр болған ведомствоны кезінде өзі қалай сынады
Бүгін, 15:18

Сүлейменова министр болған ведомствоны кезінде өзі қалай сынады

Ол кезінде министрлікке өткір сұрақтар қойған еді
Бұл жайлы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады 
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады 
Пилоттық жобаны 2027 жылдан бастап іске қосу жоспарлануда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →