×

Ғылым мен бизнес ынтымақтастығы: мұнай компаниясы ғалымдармен тыңайтқыш өндірісін бірлесе дамытады

Ғылым мен бизнес ынтымақтастығы: мұнай компаниясы ғалымдармен тыңайтқыш өндірісін бірлесе дамытады
ҚР Ұлттық ғылым академиясы

Қазақстанда ғылым мен өндірістің өзара байланысын нығайту бағытында маңызды қадам жасалды. Ұлттық ғылым академиясы мен мұнай-газ компаниясы арасында отандық карбамид өндірісін дамытуға арналған бірлескен ғылыми-өндірістік жоба басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жоба аясында әртүрлі агроклиматтық аймақта карбамидтің тиімділігін анықтау бойынша ғылыми зерттеу мен тәжірибелік сынақтар жүргізіледі. Бұл бастама аграрлық сектор мен мұнай-газ химиясын біріктіріп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және тыңайтқыш импортына тәуелділікті азайтуға бағытталған.

Іс-шара барысында өткен «Ғылым және бизнес: инновациялық даму жолы» атты кеңесте тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат – ғылым мен бизнестің ұзақ мерзімді серіктестігінің негізі.

Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев бұл ынтымақтастықты «ғылымға негізделген жаңа басқару үлгісінің бастауы» деп атады.

«Бүгінгі таңда бизнес шешімдері ғылыми деректер мен тәжірибелік сынақтарға сүйенуі қажет. Осындай тәсіл ғана тәуекелді азайтып, тұрақты экономикалық өсімге жол ашады», – деді ол.

Зерттеу жұмыстары Ақмола, Алматы, Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы ғылыми-тәжірибелік орталықтар базасында жүргізіліп жатыр. Мамандар топырақтың құнарлылығын, тыңайтқыштың әсерін және өнімділікті арттыруға ықпалын зерттеу үстінде.

Мұнай-газ компаниясының өкілдері карбамидті отандық деңгейде өндіру ел фермерлерін қолжетімді тыңайтқышпен қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Бұл – өнімділікті арттыру мен агросектордың тұрақты дамуына берік негіз болады», – деді компания басшысы Диянов.

Ғылым мен бизнестің осындай серіктестігі Қазақстанның инновациялық-индустриялық дамуына жаңа серпін беріп, өндірістегі ғылыми шешімдердің нақты нәтижеге айналуына мүмкіндік бермек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Елімізде оқушылар каникулға қашан шығады
Бүгін, 14:20

Елімізде оқушылар каникулға қашан шығады

Министрлік елімізде алғашқы тоқсан аяқталатынын алға тартты. 
Буллингке және ерте жүктілікке қарсы бастамалар қолға алынып жатыр
Зерттеу барысында ғалымдар 21 ежелгі адамның геномын секвенирлеген
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген беделді ғалымдар мен сарапшылар Алматыда бас қосты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →