Қазақстан құрамасында NIS Алматы-Медеу мектебінің 9-10 сынып оқушылары
Қазақстанның робототехникадан Ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge (FGC) 2025 Бүкіләлемдік Олимпиадасында тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқушыларымыз қатарынан төртінші жыл әлем чемпионы атанып, еліміздің STEM-білім беру саласындағы көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, жарысқа әлемнің 190 елінен келген командалар қатысты. Қазақстандық оқушылар жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, турнирдің ең жоғары марапаттары – GRAND CHALLENGE AWARD (алтын) және ALBERT EINSTEIN AWARD (алтын) жүлделерін жеңіп алды.
GRAND CHALLENGE AWARD – біліктілік ойындарында рекордтық көрсеткішпен үздік шыққан абсолютті чемпиондарға берілетін бас жүлде.
ALBERT EINSTEIN AWARD – инженерлік шеберлік, техникалық инновация және жоғары деңгейдегі командалық жұмыс үшін берілетін марапат.
Қазақстан құрамасында NIS Алматы-Медеу мектебінің 9-10 сынып оқушылары:
Команданың жаттықтырушылары:
Нұрдәулет Досмағамбет, Асылбек Мұрзахметов және Дулат Байтүленов.
USTEM Foundation жетекшісі Асылбек Мырзахметов:
«Біздің балаларымыз төртінші рет қатарынан жеңіске жетті. Ең маңыздысы – команда құрамы жыл сайын жаңарады. Біз әр жылы ел намысын жаңа қатысушылар арқылы қорғаймыз», — деді.
Биылғы FGC 2025 олимпиадасының тематикасы «Eco-Equilibrium» болды. Қазақстан командасы экожүйені қалпына келтіруге арналған робот жасап, биоәртүрлілікті қолдауға бағытталған күрделі тапсырмаларды мінсіз орындады. Робот ойын алаңындағы кедергілерді жойып, биоәртүрлілік элементтерін экожүйелік аймақтарға дәл орналастыра алды.
Қазақстанның әлемдік жеңістер сериясы:
Бұл жетістік елімізді халықаралық робототехника және STEM-білім беру саласындағы көшбасшылар қатарына шығарды.