×

Қазақ жігіт Oxford-та қазақ тілінен сабақ береді

Ол Алматы облысындағы шағын Қарашоқы ауылында дүниеге келген

Қазақ жігіт Oxford-та қазақ тілінен сабақ береді
Instagram/ sadyk_didar

Қазақстандық жас маман Дидар Садық – Оксфорд университетінде қазақ тілі пәнінен сабақ беретін алғашқы ұстаз. Бұл жөнінде grants.kz жазды, деп хабардайды Qaz365.kz.

Ол Алматы облысындағы шағын Қарашоқы ауылында дүниеге келген.

Балалық шағынан қазақ тілін ерекше жақсы көрген Дидар үлкендердің әңгімесін қызыға тыңдап, бір күні ана тілінің сұлулығын бүкіл әлемге танытуды армандаған. Сол арман оны үлкен жолға алып шықты.

Дидар Садық әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдап, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында еңбек жолын бастаған. Сол жерде жүріп ол тіл ғылымын ғана емес, қазақ мәдениеті мен тілін әлемге насихаттауды мақсат тұтқан.

Бүгінде Дидар — Оксфорд университетінде қазақ тілін оқытатын алғашқы ұстаз. Бұл – Қазақстан ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі. 2024 жылы басталған пилоттық жоба аясында қазақ тілі оқу бағдарламасына енгізілді.

Дидардың еңбегі — тек жеке жетістік емес, қазақ тілінің халықаралық деңгейде мойындала бастағанының жарқын дәлелі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →