×

Білім саласындағы бірқатар басшы жазаланды

Білім саласындағы бірқатар басшы жазаланды

Қазақстанда жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде Оқу-ағарту министрлігі мен бірнеше жоғары оқу орындарының лауазымды тұлғалары тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz Жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасап.

Палата мәліметінше, биыл ақпанда орта білім беруді дамытуға бөлінген бюджет қаржысының тиімділігіне аудит жүргізілген. Тексеру кезінде педагогтерді даярлау мен жұмыспен қамту, оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және мемлекеттік бақылау саласында бірқатар жүйелі кемшілік анықталған.

«Аудит қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігі, жетекші жоғары оқу орындары және “Дарын” республикалық орталығының бірнеше басшысы мен қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Жазаға тартылғандар қатарында Білім министрлігінің комитет төрағаларының орынбасарлары, Ш.Есенов, Х.А.Ясауи, Л.Н.Гумилев, С.Аманжолов, М.Өтемісов, Қорқыт ата және басқа да университеттердің ректорлары мен проректорлары бар. Сондай-ақ «Дарын» орталығының бөлім басшылары мен әдіскерлері де жауапқа тартылған.

Жоғары аудиторлық палата бұл шаралар заң бұзушылықтардың алдын алу және бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Оқу-ағарту министрі Абай облысының білім жүйесін жоғары бағалады
Бүгін, 11:44

Оқу-ағарту министрі Абай облысының білім жүйесін жоғары бағалады

Сүлейменова Абай облысын еліміздегі білім мен ғылымның негізгі орталығы деп атап өтті
Ол Алматы облысындағы шағын Қарашоқы ауылында дүниеге келген
Жалпы Жетісу облысында Бүгінгі күні облыста 6 мектептің құрылысы жүргізілуде, соның 3-еуі биыл қолданысқа беріле

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →