×

Оксфордта жүрген ғалым қазақша оқытудың жаңа әдістемесін жасағысы келеді

Дидар Садық – Оксфорд университетінде қазақ тілі пәнінен сабақ беретін алғашқы ұстаз

Оксфордта жүрген ғалым қазақша оқытудың жаңа әдістемесін жасағысы келеді

Қазақстандық жас ғалым  Дидар Садық – Оксфорд университетінде қазақ тілі пәнінен сабақ беретін алғашқы ұстаз. Ол Алматы облысындағы шағын Қарашоқы ауылында дүниеге келген. Балалық шағынан қазақ тілін ерекше жақсы көрген Дидар үлкендердің әңгімесін қызыға тыңдап, бір күні ана тілінің сұлулығын бүкіл әлемге танытуды армандаған. Сол арман оны үлкен жолға алып шықты.

Дидар Садық әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдап, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында еңбек жолын бастаған. Сол жерде жүріп ол тіл ғылымын ғана емес, қазақ мәдениеті мен тілін әлемге насихаттауды мақсат тұтқан екен.

Бүгінде Дидар — Оксфорд университетінде қазақ тілін оқытатын алғашқы ұстаз. Бұл – Қазақстан ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі. 2024 жылы басталған пилоттық жоба аясында қазақ тілі оқу бағдарламасына енгізілді. Qaz365.kz тілшісі Оксфорд университетінде еңбек ететін ғалыммен тілдесті. 

– Дидар, сенің Оксфорд университетінде дәріс беретініңнен хабардармыз. Нақты қай саланы зерттеп жүрсіз?

– Тіл білімі институтында орфографиянызерттеп жатырмыз, фонология, орфография, жазу мәселесі. Бұл тікелей қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесіне қатысты зерттеу десе болады. Бұдан соң докторантурадағы негізгі тақырыбым – фонология, яғни жазу теориясы. Ғылыми жетекшім – академик Базарбаева Зейнеп Мүсілімқызы.

– Жалпы, ғылыми зерттеу тақырыбыңыздың маңызы неде?

– Қазақ тілі, негізінен, шеттілдік аудиторияға әлі күнге дейін түсініксіз. Неге? Бізде өте жақсы жазылған фундаменталды теориялық зерттеу еңбектері бар. Қолданбалы бағытқа, яғни қазақ тілін шетел тілі ретінде оқытудың әдістемесіне келсек, орыс тілді аудиторияға қазақ тілін үйрететін біраз қолданбалы еңбек бар, қазақ тілі тек орыс тілді аудиторияға түсінікті. Ағылшын тілді аудиторияға англофондар деп жүрміз,ағылшын тілді аудиторияға қазақ тілі, қарапайым тілмен айтқанда түсініксіз. Ағылшын тілді аудиторияға арналған  әдістемелік оқулықтар бар, бірақ өз деңгейінде емес, сондықтан  зерттеуімізде қазақ тілін ағылшын тілді аудиторияға түсінікті етуге күш салып жатырмыз. 

– Жаңа қолданбалы қазақ тілі еңбектері өз деңгейінде емес деп қалдыңыз. Отандық ғалымдардың қазақ тілін ағылшындарға үйрететін еңбектерінен тым құрығанда бірлі-екісін атай аласыз ба?

– Жақсы сұрақ қойдыңыз. Тіл тарихына шегініс жасайын. Қазақ тілін шет тілі ретінде негізін қалыптастырып берген ғалым – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахмет Байтұрсынұлы ол кезде қазақ тілін шет тілдік аудиторияға зерттеу еңбегін жасап жатырмын деп ойламаған. Байтұрсынұлы «халықтың сауатын қалай ашсам, жазуға қалай үйретсем, хатты қалай танытсам болады?» деген сұрақтың жауабын іздеді, ол кісі осы жолда еңбектерді жазды. Мәселен, «Тіл құрал», одан кейін «Оқу құралы», «Әліпби» деген еңбектері осы сұрақтың бәріне жауап береді. Халықты сауаттандырудың жолын іздеген, ол міндетті түрде әліпбиден басталады.

       Ал қазақ тілін шет тілінде оқытудың, шетелдеоқытудың әдістемесі де әліпбиден басталады. Бұл зерттеудің бастауында Байтұрсынұлы тұр дептолық айта аламыз. Одан кейін орыс тілді аудиторияға, қателеспесем, Т.Шонанұлының ХХ ғасыр басында шыққан еңбек «Казахский язык для русскоязычных» деген еңбегі бар. Алайда бүгінге дейін толыққанды кітап, оқулық ретіндегі нұсқасы бізге жетпеді. Солай ХХ ғасырдың басында орыс тілді аудиторияға, орыс тілділерге қазақ тілін түсіндіретін ең алғашқы еңбек жазылған. Одан кейін бізде енді неше түрлі саяси жағдай болды. Еңбектер жазылды, бірақ ағылшын тілді аудиторияға арналған еңбек жазылған жоқ, яғни қазақ тілін тек орыс тілділерге оқыту еңбектері болды. Егер қазақ тілінің негізгі грамматикасы, қолданбалы грамматикасы ағылшын тілінде жазылатын болса,әлемнің 80-90 пайызына қолжетімді болар еді. Ағылшын тілі – тек бір мемлекеттің тілі емес, әлемнің тілі, ғылым тілі.

Лингвист, профессор Таңат Аяпова 90жылдары Аризона университетіне шақырылып, ең алғашқы қазақ тілін англофондарға элективті пән ретінде берген. Таңат Аяпованың «Learning-70» атты еңбегі бар. Яғни «Қазақ тілін жетпіс қадам қадаммен үйрен» деген. Бұл –ағылшынтілді аудиторияға арналған ең алғашқы фундаменталды еңбектердің бірі, европалықбағалау көрсеткішіне сәйкес тіл білудің А1, А2деңгейінде қазақ тілі қандай тіл дегенге жауап беретін базалық мектеп. Таңат Аяпованың сол еңбегін бағалап айта аламыз. Одан кейін де қолданбалы бағыттағы көптеген еңбек шықты, бірақ бізде қазір қазақ тілінің ағылшын тіліндегі грамматикасы жоқ. Сол үшін қазақ тілінің  грамматикасын түгел жинақтап, ағылшын тілді аудиторияға түсінікті етіп беруді мақсат етіп,зерттеп жатырмыз. 

– Өте жақсы. Оксфордта сіз жұмыс істеп жатқан жер қалай аталады? 

– Оксфорд университеті, Азия және Таяу Шығысты зерттеу факультеті деп аталады. Сол факультетте қазақ тілі 2024 жылдан бері қанатқақты жоба негізінде зерттеліп, негізінде іске қосылды. Ол Азия және Таяу Шығысты зерттеу факультетінде, бүгінге дейін сол жаңағы мен айтқан Азия және Таяу Шығыс аралындағы 28 тіл оқытылады. Түркі тілдерінің ішінде ең негізгісі – түрік тілі. Түрік тілі деңгей тілі ретінде оқытылады, яғни бакалавр, магистратура және докторантурадағы студенттер түрік тілі бойынша бір мамандық алып шығады. 

– Түрік тілін негізгі тіл ретінде қабылдауға не себеп болған?

– Менің ойымша, түрік тілінің қолдану аумағы кеңдігінен және географиялық аймағына да байланысты деп білемін. Себебі Түркия Еуропаға жақын орналасқан. Себебі – осы. Қазақ тілімен салыстырғанда, түрік тілінде 75 миллионнан аса адам сөйлейді. Ал Қазақстанда қазақ тілінде 20миллион адам ғана қазақша сөйлейді, сондықтан түрік тілі негізгі тіл, негізгі пән ретінде оқытылады. Түркі тілдерінің ішінде өзбек тілімен әзірбайжан тілі де негізгі пән ретіндеоқытылады. 2024 жылдан бастап қазақ тілі, қазақ тілінің қанатқақты жобасы іске қосылды. 

– Неліктен осы уақытқа дейін қазақ тілі пән ретінде оқытылмаған деп ойлайсыз? Әлде бұл бағыттағы жұмыстар кешеуілдеді ме?

– Жоқ, жұмыстар кешеуілдемеген. Ол, менің ойымша, қажеттілікке байланысты туындаған. Себебі сол Оксфорд университетіне қарасты Азия және Таяу Шығысты зерттеу факультетінде «Бір сөз» деген бастама бар. «Бір сөз» бастамасы түркі тілдерін пән ретінде оқытуды қолға алып, Оксфорд университетіне ұсынған. «Бізде осындай жоба бар. Студенттерге түркі тілдерін оқытудың бағдарламасын бастап көрейік. Егер сәтті іске асса, тұрақтанып қалады» деген. Сол бастама аясында өзбек тілі, әзірбайжан тілі қосылды. Өте сәтті сұраныс болды. «Бір сөз» бастамасындағығалымдар кейіннен сауалнама жүргізгенде қазақ тіліне сұраныс көбейгенін байқады, «Бір сөз» бастамасы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл біліміинституты, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі келісім жасап, бір мәмілеге келіп,қазақ тілін оқыта бастады. Мен кешеуілдеп қалған деп айта алмаймын. 

– Қазақ тіліне қызығушылық Оксфордуниверситетінің ғалымдарынан туған ба, әлде студенттерінен бе? Жалпы кімдер? 

– Негізгі аудитория – әрине, студенттер,магистранттар мен докторанттар. Неге? СебебіОксфорд университетінде тарих факультетін алсақ та, мен атап өткен Азия және Таяу Шығыс факультетін алсақ та, одан кейін сол университетке қарасты ресми және ареалдық зерттеулер, Department Russian orientalism дегендепартаменттер бар. Сол жақтағы магистранттар, докторанттардың тақырs,s Орта Азияға, Орта Азия тарихына, Қазақстанға, Еуразия тарихына, Қазақстанның тарихына, Қазақстанның саясатына, мәдениетіне, әдебиетіне қатысты түрлі тақырып бар. Сол тақырыптарды қазақ тілін білмей толыққанды жүргізе алмайды, сондықтанқазақ тілі оларға зерттеуге көмек болатын қосымша тіл ретінде қызмет атқарады. 

– Демек, бұл жерде қазақ тілі арқылы Қазақстанның тарихын, тағы басқа қай салаларды зерттейді? 

– Қазақстанның тарихын зерттейді. Тарихшылар өте көп. Мәселен, Қазақстандағы балет тарихын зерттеп жүрген студенттер бар. Мәселен, былтыр бір студенттің мынадай тақырыбы болды: «Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруға қарсы сөйлеген сөздерін дискурстық талдау». Ол саясаттануғақатысты. Орта Азияның тарихы, орта ғасырдағы Азия тарихы деген тақырыптардың ішінде Қазақстанның, қазақ тайпаларының рөлі деген секілді тарихқа қатысты тақырыптар өте көп. 

Саясаттануға байланысты Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы, Қазақстан мен Арменияның қарым-қатынасы деген сияқты саяси тақырып та өте көп. Жаңағы «Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруға қарсы сөйлеген сөздерін дискурстық талдау»деген тақырыпты былтыр магистратурада оқыған сол студент орыс тілінде жазып шықты. Ол уақытта қазақ тілі курсы ашылмаған еді. Ол бітіріп жатқан кезде енді ашылды. Мен ол студенттен зерттеуіңді негізі қай тілде жүргіздің деп сұрағанымда, «Зерттеуімнің барлығы көбінесе орыс тілінде жүрді. Себебі Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзі екі тілде де болды. Онда орыстілінде, қазақ тілінде де жүрді» деді. Сондықтан орыс тілін таза меңгеріп алған. Сондықтан зерттеу еш қиындық тудырған жоқ деді. Бірақ мен магистратураға түскен кезде қазақ тілі курсы ашылған болса, мен міндетті түрде қазақ тілі курсына қатысар едім деді. Себебі мен қамти алмай қалған көптеген зерттеу бар деді. Ол – Американың студенті, өзі Англияда оқыды.

– Жобаларыңыз пилоттық жоба дедік. Ол қанша уақытқа белгіленген? Жалпы, осы уақыт ішінде тілді меңгеріп кете ала ма?

– Оксфорд университетінде пилоттық жоба деп үш жылды атайды. Бірінші жылдатолықтай бағдарламаны әзірлейді. Екінші жылы сол бағдарламаны апробациядан өткізеді, яғни зерттеу жобасын, студент солөздері әзірлеген бағдарламаны келесі жылы студенттермен бірге тестілейді. Егер олбағдарламаның түзету керек жерлері болса, екінші жылы барлығын түзетуден өткізеді. Үшінші жылы түзетілген, барлықапробациядан өткен материалдың нүктесін қояды. Ал әрі қарай бағдарлама сәтті болып жатса, тұрақты түрде қосымша пән ретінде әріқарай оқытыла береді. Ол студенттің сұраныстарына байланысты.

– Тілді үйреніп жүрген профессорлар да бар ма? 

– Бір профессор қазақ тілін оқып жатыр. Одан кейін келесі топ, энтузиастар – бәрін білгісі келетіндер. Тегін мүмкіндік туып тұрса, неге оқымасқа дейді. Өзі басқа мамандықта жүрсе де,қызығушылығы бойынша қазақ тілін қосымша пән ретінде оқығысы келетін энтузиастар бар. Өздерінің зерттеу тақырыбы тікелей Қазақстанға қатысты студенттер бар. Осы – негізгі үш аудитория. Төртінші аудитория ағылшынша Harry teach leiner деп аталады. Олардың ұлты – қазақ,бірақ Британияда туған азаматтарды солай атайды. Ұлты қазақ болғанымен, өзінің ана тілібойынша белгілі бір аялық білімі бар студенттесол төртінші аудиторияны құрайды. 

– Бұл сонда эксперимент пе, жоқ әлде?!.

– Негізінен Оксфорд университетінде түркі тілдерін оқытудың методикасы, классикалық фундаменталды методикасы қалыптасқан. Оны түрік тілі қалыптастырды, түрік тілінің силлабусының моделі негізінде қазақ тілі оқытылады. Ол деген түрік тілінің барлық моделін алып, оны тура солай қазақ тіліне қойып қою деген емес. Олай оқыту мүмкін емес. Біздің өзіміздің жеке методикамыз бар,негізгі базалық методика түрік тілінен алынады. Одан кейін біз қазақ тілін үйретуде А.Байтұрсынұлының «Әліпби» деген еңбегінпайдаландық. Ол сол сауаташқышқа ұқсайды,әріптерді үйретеді. Оқылым дағдысын қалыптастыру бойынша бір методикамыз Байтұрсынұлымен ұштасты. 

– Жобаны қаржыландыру жағы қалай болды?

– Қанатқақты жоба болғандықтан, Қазақстан тарапы, Ғыжым және жоғ– ары білі министрлігі қаржыландырылады. Ең негізгі ұсыныс – жаңа айтқанымдай, Азия және Таяу шығысты зерттеу факультетіне қарасты «Бір сөз» ұйымының бастамасы. Одан кейін мемлекет басшысы оны қолдады. Мемлекет басшысынан кейін Ғылым және жоғарғы білім министрлігімен бірлесе отырып, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан, барлығы бірлікте бір келісімге қол қойды. 

–Қазір қай курста оқып жатырсыз? 

– Қазір PHD үшінші курстамын. Шамамен келесі жыл ғой, тағы да негізінен екі жыл беріледі. Екі жылдан кейін қорғаймын. Қазір қазақ тілінің методикасы ағылшын тілді аудиторияға қалыптасып жатыр ғой. Енді біз кері процеспен жүре аламыз. Біз ағылшын тілінің методикасын қазақ тілділерге түсіндіре алатын әдістеме жасай аламыз. Сонда ағылшын тілі қазақтілді аудиторияға түсінікті бола бастайды. Ал бізде қазір Қазақстанда ағылшын тілінің жағдайы ол көбіне орыс тілі арқылы түсіндіріледі.

– Расында солай. Неге?

–Мен ағылшын тілін а деп бастаған кезде орыс тілі арқылы үйренгенмін. Бүкіл дыбыстық қорым – орыс тілінің дыбыстық қоры. Аударма жасаған кезде де орыс тіліне сүйенемін. Бізде неге осытенденция қалыптасқан? Ағылшын тілінің орыс тіліндегі методикасы берік қалыптасып қалған ғой. Біз ағылшын тілін қазақ тілі арқылы үйрететін кері процесс, кері методика жасасақ, қазақ тілді аудиторияға ол одан сайын түсінікті болады. Мен Оксфордта жүрген кезде қазақ тілінің сабағы міндетті түрде ағылшын тіліндеөтеді. Ағылшын тілінде өтпесе, қазақша тілдебасқа тілдерде сабақ беру мүмкін емес. Сондықтан менен көбісі орыс тілінің акценті байқалады дейді. Неге? Мен о баста ағылшын тілін орыс тілінің дыбыстық қорымен үйренгенмін. Қазақ тілінің дыбыстық қорымен үйренбегенмін. Орыс тілінің дыбыстық қоры ағылшын тілінің дауысты дыбыстарын толыққанды бере алмайды. Қазақ тілі бере алады екен. Мәселен, Ұ деген дыбыс, қазақша ұшақ дегенде Ұ дыбысы бар ғой. Сосын үйрек дегендегі Ү дыбысы бар. Одан кейін Ө дыбысы бар. Өмір дегенде, өрік деген кездегі Ө дыбысы бар. Қазақ тілінің осындай дауысты дыбыстары ағылшын тілінің дыбыстарымен ұштасады. Ағылшын тілінде де дәл сондай дыбыстар бар. 

– Мәселен? 

– Иә, одан кейін көк деген бар. Дайындал. Иә, көк, одан кейін мәселен, birthday дейміз. Одан кейін бұқаны «бұлл» (bull) дейді, ол Ұдыбысы қазақта да Ұ дыбысы ғой. Біз оны орыс тілінің дыбыстық қорымен «булл» депайтамыз. Одан кейін Ң бар, қазақта да,ағылшын тілінде де Ң бар. Иә, иә, сол «сиң»дегендегі сол. Сондықтан осы методиканы қалыптастырғаннан кейін біз кері процеспенағылшын тілінің қазақ тіліндегі методикасын жасап, қазақ тілді аудиторияға ағылшын тілін одан әрі түсінікті етуге қатысты зерттейміз. 

– Біз ағылшын тілін үйренгенде, олардың бүкіл мәдениетін, болмысын да меңгереміз. Жалпы, қазақ тілін үйреткен кезде ұстанатын басты қағида қандай?

– Біз мына дәстүрді ғана үйретеміз немесе мына бір дәстүрмен ғана шектелеміз деп айта алмаймын. Біз тілді үйреткен кезде міндетті түрдемәдениет қоса жүреді, қоса үйретіледі. Ол бір-бірінен ажырамайды. Тілді үйренген кезде автоматты түрде сол тілді үйретуші міндетті түрде мәдениетті де үйретеді. Әр тілде аударуға келмейтін спецификалық сөздер болады. Сол арқылы мәдениетті үйретіп кетеді, тіпті А1деңгейінің өзінде, студенттер шаңырақ деген не екенін біле бастайды. Ол тек қазаққа ғана қатысты. Оны басқа тілге аудара алмаймыз. Қымыздың, бауырсақтың не екенін біледі, қалай жасалатынын біледі. Одан кейін құртты біле бастайды. Ағылшын тілінде ондай жоқ. Құрттың одан кейін олар тарихына қызыға бастайды деген секілді. Солай сөздер арқылы бойына мәдениетті де бірте-бірте, ақырын-ақырын сіңіре бастайды.

–Студенттердің Қазақстан жайлы көзқарасы қандай? 

​–Оксфорд университетіне мыңдаған өтініш келіп түседі. Университет студенттердің 6-7пайызын ғана қабылдайды. Бұл жаққа дарындылардың дарындылары ғана түседі. Олар өте терең біліммен келеді. Қазақстанның тарихын, мәдениетін, саясатын менен жақсы біледі. Себебі – олардың мамандығы. Өте алғыр, дарынды, білімді студенттер келеді. Студенттерім қазақ тілі сабағында өте белсенді отырады. Қазақстанда қазақ тілінен сабақ бергенім меншетелде қазақ тілінен сабақ бергенім жер мен көктей ғой. Өте белсенді. Кез келген түсініксіз сұрағын еркін қояды. Соны білмейінше кетпейді. Олардың Қазақстан туралы көзқарасы бізбен тең десем болады.  

– Әңгімеңіз үшін көп-көп рақмет!

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →