×

Республикаға уәде – облысқа шығын: Ақмоладағы «Келешек мектептері» жобасынан мәселе туындады

Әкімдік бұл мәселеге ресми түсініктеме берді

Республикаға уәде – облысқа шығын: Ақмоладағы «Келешек мектептері» жобасынан мәселе туындады
gov.kz

Ақмола облысында «Келешек мектептері» ұлттық пилоттық жобасы аясында салынған тоғыз жаңа мектепті ұстау шығыны өңір бюджетінен қаржыландырылып отырғаны бұған дейін мәслихат деңгейінде сынға ұшыраған. Әкімдік бұл мәселеге ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақмола облысы әкімінің аппаратының мәліметінше, 2024 жылы Целиноград ауданында жеті, ал Көкшетау қаласында екі мектеп ашылған. Бұл нысандар «Келешек мектептері» ұлттық пилоттық жобасы аясында салынған. Алайда өткен жылдың соңында қаржыландыру тәртібіне өзгеріс енгізілген.

«2024 жылғы 19 желтоқсанда Ұлттық жобаға жергілікті бюджеттен мектептерді ұстауға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру көзіне қатысты өзгерістер енгізілуіне байланысты республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі қолдау таппады. Қазіргі уақытта қажеттілік облыстық бюджетті нақтылауға қайта бағытталған», – делінген әкімдік жауабында.

Мәселе неден басталды

Еске сала кетейік, бұған дейін облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясы өңірдің жаңа мектептерді ұстауға бөлінетін қаражат тапшылығына алаңдаушылық білдірген.

Бастапқыда бұл шығынды республикалық бюджет өтейді деп жоспарланған. Шығын мөлшері – жылына шамамен 9 млрд теңге. Алайда орталықтан қаржы түспеген соң, барлық шығын облыстық бюджет есебінен жабылып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →