×

«Соңғы үш жылдағы қаржыландыруды тексереміз»: Мұрат Әбенов жеке мектеп иелеріне қатаң ескерту жасады

Әбенов Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы жеке мектептердің қысымына бой алдырмауға шақырды

«Соңғы үш жылдағы қаржыландыруды тексереміз»: Мұрат Әбенов жеке мектеп иелеріне қатаң ескерту жасады
Аскар Ахметуллин

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жеке білім беру саласындағы заңбұзушылықтарға қатысты қатқыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутаттың айтуынша, елде бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі жанындағы қаржы орталығы арқылы заңсыз қаржыландырылып келген бірқатар жеке мектеп әлі де жұмыс істеп жатыр. Тексеріс басталған кезде олардың кейбірі министрлікті айыптап, мұғалімдер арқылы қысым көрсетуге тырысқан.

«Бұл – жеке мектептер. Оларды өздеріңіз аштыңыздар, енді мұғалімдердің жалақысын да өз қалталарыңыздан төлеңіздер. Мемлекет тек сапалы жұмыс үшін ғана ақша төлейді. Артық шу шығарып, қосымша қаржы талап етудің қажеті жоқ. Мен Бас прокуратураға, полицияға және басқа да органдарға ресми өтініш жолдаймын. Қаражат қайда жұмсалғанын тексерсін», – деді Әбенов.

Ол Жоғары аудиторлық палатаның деректеріне назар аударды. Аталған мәліметке сәйкес, көптеген жеке мектепте ғимараттар талапқа сай келмейді, қажетті жабдық жоқ, ал педагогтердің жартысы профильдік білімі жоқ мамандар.

«Зертханасы жоқ, технологиясы жоқ, ғимарат оқу процесіне бейімделмеген жағдайда қандай білім мен тәрбие туралы сөз болуы мүмкін?» – деп ашуланды депутат.

Әбеновтің сөзінше, бірнеше өңірде, соның ішінде Шымкентте жеке мектеп иелері оқу орындарын коттедждерде, кафелерде, бұрынғы жатақханалар мен қонақүйлерде ашып алған. Мұндай нысандарда қауіпсіздік талаптары сақталмайды. Ол сондай-ақ бір облыста екі «Келешек» мемлекеттік мектептерінің қасына бес бірдей жеке мектептің ашылғанын, олардың кейбірінде оқушы жоқ болып шыққанын, сабақтардың қағаз жүзінде ғана жүргізілгенін айтты.

«Балаларды сабаққа 80 шақырым жерден тасиды. Бұл – олардың құқығын бұзу. Әр бала қауіпсіз, жабдықталған мектепте, білікті мұғалімдермен оқуы тиіс. Қазіргі таңда білім беру бизнеске айналып кетті», – деді депутат.

Мұрат Әбенов Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы жеке мектептердің қысымына бой алдырмауға және заңбұзушылыққа жол берген нысандарды қаржыландыруды тоқтатуға шақырды.

«Жеке мектептерді тексеру керек. Мен министрді қолдаймын және істі соңына дейін жеткізуге үндеймін. Мемлекеттік қаражатты оңды-солды шашуға болмайды. Қажет болса, соңғы екі-үш жылдағы қаржыландыруды түгел тексерсін. Мұның бәрін тоқтату қажет», – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада 1500 орындық жаңа «Келешек мектебінің» құрылысы аяқталды
Кеше, 17:16

Қызылордада 1500 орындық жаңа «Келешек мектебінің» құрылысы аяқталды

Қызылорда облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 6 900 орынға арналған 10 мектеп салынды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →