×

Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны екі есе азайды

Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны екі есе азайды
Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкімнің айтуынша, 2022 жылдан бері 45 жаңа мектеп және 6 жапсаржай салынды, сондай-ақ 55 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Оның 11-і инвесторлар есебінен, ал 20-ы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған.

Жыл соңына дейін тағы алты мектеп ашу жоспарланып отыр.

Білім нысандарының көбейуі үш ауысымда оқытатын мектептер санын айтарлықтай қысқартқан. Мектеп инфрақұрылымын кеңейту нәтижесінде кейінгі үш жылда үш ауысымда білім беретін мектептердің саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды.

«Осы орайда қалған 28 мектепті бір мезгілде бастап салу үшін отандық және шетелдік инвесторлады EPC механизмі бойынша келіссөздерге шақырамын», - деді Сұлтанғазиев.

Өңір әкімі денсаулық сақтау және мәдениет инфрақұрылымының да дамып жатқанын атап өтті.

Облыста 356 медициналық нысан бар, олардың 54%-ы тозған. 2022-2025 жылдар аралығында 55 нысанға құрылыс жұмысы жүргізілді. 6 млрд теңгеге 153 бірлік медициналық жабдық сатып алынды. Мәселен, 300 шақырым қашықтықта орналасқан Нарынқол ауылының тұрғындары Алматыға немесе облыс орталығына келместен толық медициналық қызмет ала алады.

Сонымен қатар 7 мәдениет үйі, 6 спорт кешені, мемлекеттік архив және өнер мектебі салынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Жартысынан көбі өзінің пәнін білмейді»: Смирнова мұғалімдердің біліктілігін сынады
Кеше, 16:33

«Жартысынан көбі өзінің пәнін білмейді»: Смирнова мұғалімдердің біліктілігін сынады

Ол кәсіби дайындық үшін жауапкершілік ең алдымен мұғалімнің өзіне жүктелетінін атап өтті
Қызылорда облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 391 млн. теңгеге 10 жаңа мектеп салынды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →