×

Ынталы жастар ғылымды дамытуда: Сәтбаев университетінің студенті өз жобасы үшін миллион теңге ұтып алды

Ол - науқастың қызыл иегінің ауырсынуын анықтайтын жаңа құралдың авторы

Ынталы жастар ғылымды дамытуда: Сәтбаев университетінің студенті өз жобасы үшін миллион теңге ұтып алды

Бүгінде отандық ғылымның дамуына үлес қосып жүрген жігерлі жастардың қатары артып келеді. Олар нарықтың сұранысын нақты анықтап, жаңа идеяларды жүзеге асыруға ұмтылады. Солардың бірі – Сәтбаев университетінің «Биомедициналық инженерия» мамандығының 3-курс студенті Ақжол Нұрданәлі. Ол – науқастың қызыл иегінің ауырсынуын анықтайтын жаңа құралдың авторы. Өзінің өнертабысын нарыққа шығару үшін Ақжол стартап ашып, «Tech Startup-2022» инновациялық идеялар мен жобалар конкурсына қатысып, ашқан жаңалығын жүзеге асыру үшін миллион теңге ұтып алды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл өнертабыстың тарихы өткен жылдан басталады, яғни Алматы стоматологиялық колледжінің директоры жұмыс сапарымен Сәтбаев Университетінде болғанда, жас ғалымдармен кездесіп, стоматология саласының қиыншылықтары жайлы айтқан болатын.

– Бұл өте қызықты кездесу болған еді, – дейді Ақжол сол кездесуді еске алып. – Сол кезде біз тіс протезін орнату кезінде қызыл иектің ауырсыну процесін талқыладық. Бұрын тістің ауырсынуын дәрігер қолымен анықтайтын. Бірақ әр адамның ауруы әртүрлі ғой. Жасанды тіс салдырған адамдардың жақ сүйектері қатты ауырып, дәрігерге қайтадан келеді екен. Сондықтан тіс мамандарына науқастың қызыл иегінің сезімталдығын, оның ауырсынуын анықтайтын құрал қажет болды. Осыны естігеннен кейін мен бірден мұндай құрылғыны қалай жасау керектігі туралы ойланып, шабыттана түстім.

Ақжолдың негізгі мамандығы – электронды медициналық құрылғыларды құрастыру. Жоба «Қызыл иек сезімталдығын өлшейтін құрылғы» деп аталды. Құрылғының жұмысы дене температурасын өлшеуге арналған құрылғыларға ұқсас. Дегенмен, бұл құрылғы сезімталдықты өлшейді және тіс дәрігеріне науқастың қаншалықты ауыратыны туралы нақты ақпарат береді.

Жобамен айналысатын ғалымдар тобы нарықты зерттеп, әрі шетелде жасалған құрылғыларды салыстырып, біздің елде де осындай өнім өндіруді ұйымдастыру мақсатымен жұмыс істеді. Дегенмен, қажетті құрылғы нарықтан табылмай, команда құрылғыны жаңадан бастап жасады. Сөйтіп, әлемде теңдесі жоқ құрал пайда болды.

Қазіргі уақытта жас ғалымдар өз өнертабыстарын сынақтан өткізіп, жан-жақты жетілдіруде. Ақжол Нұрданәлінің ойлап тапқан өнертабысының сәтті шығуы тек Алматыда ғана емес, тұтас Қазақстанның стоматология саласындағы жаңалық болмақ. Жас ғалым өз жобасын одан әрі жетілдіріп, еліміздің биомедициналық инженерия саласын дамытары сөзсіз.

Ақжол өз жобасына қатты қызығушылық танытады – ол туралы айтқанда, көзі ұшқындап, сөздері судай сылдырайды. Жас ғалым өз жобасын дамыта отырып, болашақта еліміздің биомедициналық инженерия саласына зор үлес қосатынына сенімдіміз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
Кеше, 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →