×

Жұлдыз Сүлейменова сыныптарға камера орнатуға қарсы пікір білдірді

Жұлдыз Сүлейменова сыныптарға камера орнатуға қарсы пікір білдірді

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп сыныптарының ішіне бейнебақылау камераларын орнату бастамасын қолдамайтынын айтты. Бұл туралы ол «Қазақстан» телеарнасының «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрдің айтуынша, білім беру ортасы ең алдымен сенімге, ашық пікір алмасуға және қауіпсіздікке негізделуі тиіс. Сапалы білім мен тәрбие тек сенімді атмосферада ғана қалыптасады.

– Мектепте мұғалім де, оқушы да өзін қауіпсіз әрі еркін сезінуі керек. Қауіпсіздік мақсатында камералар мектептің кіреберісінде, дәліздерде, ортақ аумақтарда болуы орынды. Ал оқу сыныптарының ішінде бейнебақылау камералары болмауы тиіс деп санаймын, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сонымен қатар министр педагогтердің құқықтық қорғалуына да тоқталды. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Республикалық тамыз конференциясында мұғалімнің қоғамдағы рөлін ерекше атап өткен. Президент мектептен тыс жағдайларда болған оқиғалар үшін педагогты жауапкершілікке тарту орынсыз екенін нақты айтқан.

Осыған байланысты алдағы жылы педагогтердің құқықтарын нығайту мақсатында заңнамалық реттеуді жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл өзгерістер мұғалімдердің құқықтық жағдайын жақсартуға бағытталмақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →