×

Оқу-ағарту министрлігінде кадрлық өзгеріс: жаңа вице-министр тағайындалды

Оқу-ағарту министрлігінде кадрлық өзгеріс: жаңа вице-министр тағайындалды
primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жайық Серікқалиұлы Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Шарабасов Жайық Серікқалиұлы ҚР оқу-ағарту вице-министрі лауазымына тағайындалды», – деп көрсетілген ресми хабарламада.

Жайық Шарабасов мемлекеттік қызмет саласында бірқатар жауапты қызмет атқарған. 2014 жылдан 2017 жылғы қарашаға дейін ол Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде өңіраралық ынтымақтастық, талдау және өңірлерді бағалау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

2017 жылғы қарашадан бастап 2019 жылға дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар әр жылдары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, Мәдениет министрлігінде және Дін істері агенттігінде түрлі лауазымдарда еңбек еткен.

Еске салайық, ҚР оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласына жауап береді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →