×

Оқу-ағарту министрі Байқоңыр қаласындағы мектеп-лицейдің материалдық базасымен танысты

Министр атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы міндеттерге тоқталды

Оқу-ағарту министрі Байқоңыр қаласындағы мектеп-лицейдің материалдық базасымен танысты
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев,  Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейдің жұмысымен және материалдық базасымен танысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев қатысты. Мектеп-лицейде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен  инновациялық обсерватория, ракета модельдеу, СТЭМ, химия, биология, робототехника, математика, физика, география, тарих, бастауыш сынып кабинеттері, кітапхана, арнайы телестудия 245, 6 млн теңгеге жабдықталған болатын.  

Нақтырақ айтсақ, обсерватория кабинетінде "Жұлдызды аспан" глобусы, интерактивті панель, телескопқа линзалар жинағы, күн фильтрі, бейнекамералар, планисфералар бар. Ракета модельдеу кабинеті арнайы жинақпен, ноутбуктер, шағын зертханалар, цифрлық микроскоптар, старттық құрылғылармен, СТЭМ кабинеті 3Д принтер, модельдеу жиынтықтарымен қамтамасыз етілді.

Ал, физика кабинеті электр және оптика бөлімдеріне, жаратылыстану ғылымына, молекулалық физика және термодинамикалық бөлімдерге арналған демострациялық құралдармен жабдықталды. Биология кабинетіне де жиһаздар,  зертханалық құралдар, цифрлық микроскоптар, микропреператтар, ылғал препараттар, адам ағзасының модельдері берілді. Химия кабинетіне зертханалық жабдықтар, химиялық препараттар, цифрлық зертхана жинағы, демонстрациялық жұмысқа арналған жиынтықтар, телестудия, арнаулы компьютер, камералар, диодтық жарық жинағы, акустикалық құралдар, телевизор алынды. АRT-студияға гончарлық қондырғылар, сурет салуға арналған құрал-жабдықтар қойылған.

Оқу-ағарту министрі атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы міндеттерге тоқталды.

Айта кетейік, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. 
"Қазақстан халқына" қоры өңірдің әр саласына 12 млрд. 851 млн теңге қаржы бөлді. Сондай-ақ, 2 млрд 700 млн теңгеге 58 мектептегі 317 пәндік кабинет жаңартылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →