×

Қазақстандық талапкерлер Қытай университеттеріне грантқа құжат тапсыра алады

Қазақстандық талапкерлер Қытай университеттеріне грантқа құжат тапсыра алады
ашық дереккөзден

Қазақстандық талапкерлер Қытайдың жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін құжат тапсыруға мүмкіндік алды. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қытай Халық Республикасының Үкіметі 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік стипендиялар аясында 73 білім беру грантын ұсынып отыр. Гранттар бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға арналған.

Стипендия аясында:

  • оқу ақысы толық өтеледі;

  • ай сайынғы шәкіртақы төленеді;

  • медициналық сақтандыру қамтамасыз етіледі;

  • жатақханада тұру қарастырылған.

Ал өзге шығындарды студенттер өз есебінен өтейді.

Үміткерлер Қытай стипендиялық кеңесінің ресми сайтында онлайн тіркеуден өтуі тиіс. Сонымен қатар биылдан бастап Қытай ЖОО-ларына бакалавриатқа түскісі келетін барлық шетелдік талапкерлер академиялық даярлық тестінен (CSCA) өтуге міндетті. Аталған тест конкурс іріктеуінен кейін тапсырылады. CSCA туралы толық ақпарат ресми сайтта жарияланған.

Құжат қабылдау 21 қаңтарда басталып, 10 ақпанға дейін жалғасады. Талапкерлер құжаттарды eGov.kz порталы арқылы ЭЦҚ көмегімен немесе Халықаралық бағдарламалар орталығына тікелей тапсыра алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →