×

Суға кетудің алдын алу: оқушыларға жүзу сабағы енгізіледі

Суға кетудің алдын алу: оқушыларға жүзу сабағы енгізіледі
depositphotos

Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған жүзу сабақтарын міндетті факультатив ретінде енгізу жоспарланып отыр. Бұл бастаманы Оқу-ағарту министрлігі балалардың судағы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шара ретінде түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрлік келтірген дерекке сәйкес, соңғы үш жылда еліміздің су айдындарында 151 бала қаза тапқан. Бұл суға кеткен әрбір бесінші адамның кәмелетке толмаған екенін көрсетеді. Осыған байланысты жаңа оқу жылында Астана мен Алматы қалаларында пилоттық жоба іске қосылмақ.

Бағдарламаға ең алдымен 2–4 сынып оқушылары қатысады. Себебі бұл жаста балалар жүзуді тез меңгереді әрі суға байланысты қауіп-қатерге жиі ұшырайды. Сабақтардың басты мақсаты – баланы суда өзін қауіпсіз ұстауға үйрету.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының орынбасары **Наталья Дрейт**тің айтуынша, бұл бастама спорттық жетістікке емес, қауіпсіздікке бағытталған.
«Бұл – кәсіби спорт секциясы емес, қауіпсіздікке арналған шара. Жүзу сабағы дене шынықтыру пәнін алмастырмайды, қосымша факультатив ретінде өткізіледі», – деді ол.

Жобаның тағы бір ерекшелігі – оны жүзеге асыруға бюджет қаражаты жұмсалмайды. Қаржыландыруды Су спорт түрлері федерациясы өз мойнына алған. Сарапшылардың есебінше, 1000 баланы қамту үшін шамамен 45 млн теңге қажет.

Пилоттық жобаның алғашқы кезеңінде 5000 оқушыны қамту жоспарланған. Сабақтар аптасына 2–3 рет өтеді. Мамандар бұл бастама балалардың қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, болашақта кәсіби спортқа бейімі бар балаларды ерте анықтауға да мүмкіндік береді деп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Директор бір орында ұзақ отырмауы тиіс": Оқу-ағарту министрі мектеп басшыларын ротациялауды ұсынды
30.01.2026ж. 23:51

"Директор бір орында ұзақ отырмауы тиіс": Оқу-ағарту министрі мектеп басшыларын ротациялауды ұсынды

Қазіргі таңда Қазақстанның орта білім беру жүйесінде барлығы 8 848 мектеп бар
Роза Садықова жекеменшік білім беру ордаларының негізі 35 жыл бұрын қаланғанын еске салды
Білім саласындағы заңсыздықтар анықталып, басқа мамандарға жол ашылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →