×

Темірлан Анарбеков Алматыда ректор грантының иегері атанды

Академияда грант атаққа емес, нақты нәтиже мен тәртіпке қарай берілетінін айтылды

Темірлан Анарбеков Алматыда ректор грантының иегері атанды
Фото: Спорт және туризм академиясы

Алматыда «Қайрат» футбол клубының 3 ойыншысы ректордың грантына ие болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қақпашы Темірлан Анарбеков, жартылай қорғаушы Олжас Байбек және шабуылдаушы Мансур Бірқұрманов футбол ойнап қана қоймай, жоғары оқу орнында білім алып жүр. Бүгін үшеуі де ректор грантының иегері атанды.

Грантты табыстау рәсіміне Академия президенті Қайрат Закирьянов қатысты. Оның айтуынша, грант алу үшін студент оқуын да, спорттағы жетістігін де қатар алып жүруі керек. Академияда студент-спортшыларды қолдау әдейі қолға алынған. Мұнда спортпен айналысу үшін білім де маңызды деп есептейді. Сондықтан оқу мен спортты бір-бірінен бөліп қарамайды.

Айта кетейік, бұған дейін де «Қайрат» клубының қақпашысы Шерхан Қалмырза осындай грант алған болатын. Қазақ спорт және туризм академиясы спортшыларды тек алаңға ғана емес, болашақ өмірге де дайындайтын оқу орны ретінде танылып келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →