×

Ұстаздарға видео түсіртіп, жұмыстан тыс уақытта мазалағандар енді заң алдында жауап беруі мүмкін

Заң жобасы алдағы аптадан бастап талқыланбақ.

Ұстаздарға видео түсіртіп, жұмыстан тыс уақытта мазалағандар енді заң алдында жауап беруі мүмкін
Фото: Мәжіліс

Асхат Аймағамбетов педагогтерді қызметтік міндетіне қатысы жоқ артық талаптардан қорғауға бағытталған арнайы заң жобасы әзірленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутаттың айтуынша, құжат мұғалімдерді әлеуметтік желіге рилс түсіруге мәжбүрлеу, түнгі уақытта және жұмыс уақытынан тыс кезде WhatsApp арқылы жауап беруді талап ету, сондай-ақ есепті электронды және қағаз жүзінде қатар тапсыру секілді артық жүктемеден қорғауды көздейді.

«Педагогтерді рилс түсіруге мәжбүрлеуден, түнде және жұмыс уақытынан тыс уақытта WhatsApp-та жауап беруге міндеттеуден, есепті электронды және қағаз жүзінде қайталап тапсырудан қорғау үшін арнайы заң жобасын әзірледік. Енді заң жобасын жұмысқа қабылдаймыз. Келесі аптадан бастап жұмыс тобында талқылауды бастаймыз. Бұл – өте маңызды мәселе. Ұстаздар артық міндетпен емес, сапалы білім мен сананы тәрбиемен айналысуы тиіс», – деді ол.

Аймағамбетовтің сөзінше, бастама педагог мәртебесін қорғауға және олардың негізгі қызметіне – оқыту мен тәрбиеге толыққанды көңіл бөлуіне жағдай жасауға бағытталған.

Заң жобасы алдағы аптадан бастап талқыланбақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →