×

166 оқушының тағдыры не болмақ: Қарағанды облысында лицензиясыз жұмыс істеген жекеменшік мектеп жабылады

166 оқушының тағдыры не болмақ: Қарағанды облысында лицензиясыз жұмыс істеген жекеменшік мектеп жабылады
Sputnik / Александр Кряжев

Қарағанды облысында лицензиясыз білім беріп келген жекеменшік мектеп сот шешімімен таратылатын болды. Тиісті шешімді мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот уәкілетті органның талап арызы негізінде шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот материалдарына сәйкес, жауапкершілігі шектеулі серіктестік 2025 жылғы 13 мамырда «жалпы орта білім беру» қызмет түрімен тіркелген. Алайда 2 қыркүйектен бастап мектеп лицензиясыз оқу процесін бастаған және рұқсат құжаттарынсыз қызметін жалғастырған.

Бұған дейін аталған ұйым лицензиясыз жұмыс істегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айыппұл төленгенімен, білім беру қызметі тоқтатылмаған.

Сот отырысында мектеп өкілдері талапты мойындамады. Олардың айтуынша, 280 орындық мамандандырылған мектеп жобасы жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылған. Қазіргі таңда онда 166 оқушы білім алып жатыр, олардың арасында көпбалалы және толық емес отбасылардың балалары бар. Ұжымда 35 қызметкер жұмыс істейді.

Мектеп әкімшілігі лицензия алуға қажетті құжаттардың 90 пайыздан астамы дайын екенін, 2026 жылғы 3 ақпанда берілген өтініштің қаралу үстінде екенін алға тартқан. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан шағым түспегенін мәлімдеген.

Алайда сот уәкілетті орган мектепке лицензия беруден екі рет бас тартқанын және бұл шешімдерге шағым жасалмағанын анықтады. Сот лицензия білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растайтынын, мемлекеттік стандарттардың сақталуын, білікті педагогтердің болуын және қауіпсіз инфрақұрылым талаптарының орындалуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сондай-ақ лицензиясы бар мектептер ғана мемлекеттік үлгідегі аттестат бере алатыны көрсетілді. Лицензияның болмауы білім сапасына әсер етпейді деген уәж сот тарапынан негізсіз деп танылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →