2026 жылғы 16-21 ақпан аралығында Қарағанды қаласында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қоғамдық –гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша қорытынды кезеңі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Конкурсқа Жамбыл облысынан 15 оқушы 14 жобамен қатысып, 12 оқушы жеңімпаз атанды: 1-орын – 4; 2-орын – 6; 3-орын – 2.

Атап айтсақ, І орын және алтын медаль иеленген оқушылар:
- Есқара Еркеназ, «Дарын» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Усипов Махсут, Жамбыл ауданы, Гродеково орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Жұмалы Нұрай, Тараз қаласы, №15 мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы;
- Аманжол Нұрханым, Тараз қаласы,Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;
ІІ орын және күміс медаль иеленген оқушылар:
- Русланқызы Алина, Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;
- Жұмахан Анар, Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 11 сынып оқушысы;
- Малей Алина, Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 11 сынып оқушысы;
- Дергачева Дарья, Тараз қаласы, И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;
- Әлібек Сабина, Тараз қаласы, №47 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Мукашев Дамир, Меркі ауданы, И.Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;

ІІІ орын және қола медаль иеленген оқушылар:
- Бүркіт Жания, ІТ лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Жандарбек Еркемай, ІТ лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
Грамота:
- Райымқұл Жансезім, Тараз қаласы, Төле би атындағы №8 гимназиясының 10 сынып оқушысы;
- Пернебек Дамира, «Дарын» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
- Кеңес Мөлдір, Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гиназиясының 11 сынып оқушысы.
БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.