×

Оқу жылы қашан аяқталады

Оқу-ағарту министрі айтып берді

Оқу жылы қашан аяқталады
baq.kz

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда оқу жылының 31 мамырға дейін созылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Биыл оқу жылы 31 мамырға дейін созылады. Ол кері қайтарылмайды. Бұл әлемде бар үрдіс. Кей мемлекеттер 42 аптаға дейін оқып жатыр. Бір мәселенің басын ашып алу керек, бізге балалардың білім деңгейінің жоғары, әлемдегі бәсекелестікке қабілетті болғаны керек пе немесе мақсатымыз басқа ма? Бұл биыл ғана енгізіліп жатқандықтан, соңына дейін жеткізіп, нәтижесін қарау керек», – деді Бейсембаев.

Министр қазір оқу жылының 36 аптаға созылғанын айтты. Бұл шараның 2018 жылғы PISA нәтижесі бойынша елдегі білім сапасының әлем елдеріне қарағанда жеткіліксіз болуына байланысты қолданылып отырғанын еске салды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Кеше, 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →