×

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

«Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдау 16 наурызда басталып, 16 қазанда аяқталады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

«Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия тағайындауға конкурстық іріктеу 2026 жылғы 13 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында өтеді. «Болашақ» стипендиясына құжат egov.kz порталы арқылы қабылданады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2026 жылдан бастап «Болашақ» халықаралық бағдарламасына өзгеріс енгізілді. Биыл бағдарлама аясында шетелде білім алу және тағылымдамадан өту үшін 635 стипендия бөлінді.

Жаңа өзгерістердің бірі – халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жүлде алған оқушыларға арналған «бакалавриат» санатының енгізілуі. Енді жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының I–III орын иегерлері «Болашақ» арқылы бакалавриатта білім алуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар атом энергетикасы саласына маман даярлауға арналған жеке бағыт іске қосылды. Ал «Жасанды интеллект» бағыты бойынша кәсіби тағылымдамалар үшін бөлек санат қарастырылған.

2026 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша:

  • бакалавриатқа – 20 стипендия,
  • магистратураға – 400 стипендия,
  • докторантураға – 50 стипендия,
  • тағылымдамаларға – 165 стипендия бөлінді.

Бағдарламадағы басым мамандықтар тізімі ел экономикасына қажетті кадрларды ескере отырып жасалған. Тізім орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылған.

2026 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуге мына салалардың мамандары қатыса алады:

  • инженерлік-техникалық және агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері;
  • атом өнеркәсібі мамандары;
  • жасанды интеллект жүйелерін пайдаланушылар;
  • білім беру ұйымдарының педагогтері;
  • медицина қызметкерлері;
  • мемлекеттік қызметшілер;
  • бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері;
  • мәдениет, туризм және спорт саласының мамандары;
  • судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері.

«Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасына құжат қабылдау 16 наурызда басталып, 30 қазанға дейін жалғасады. Конкурстық іріктеу 13 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында өтеді.

Бұл бағдарлама Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған. Оның мақсаты – қазақстандық ғалымдардың әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тәжірибе жинауына мүмкіндік беру. 2026 жылға ғылыми тағылымдамаларға 250 стипендия бөлінді.

Мемлекет қатысушылардың оқу ақысы, тағылымдама шығындары, ұшақ билеті, медициналық сақтандыру, визалық алымдар мен оқу материалдарын сатып алу шығындарын өтейді. Сонымен бірге ай сайын шәкіртақы төленеді. Құжаттар egov.kz порталы арқылы немесе Астана қаласындағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» кеңсесіне тапсырылуы мүмкін. Бағдарлама талаптары мен мамандықтар тізімі туралы толық ақпаратты ресми сайттан көруге болады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Талдықорған стартаптар бәсекесінің алаңына айналды: «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтті
14.03.2026ж. 12:51

Талдықорған стартаптар бәсекесінің алаңына айналды: «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтті

Талдықорғандық стартаперлер жартылай финалдық кезеңнің жеңімпазы атанды
Алдағы уақытта «Педагог мәртебесі туралы» заңның кейбір нормалары күшейтіледі
Мектеп директоры ешкімнің өмір бақи отыратын орны болмауы қажет
Оқу-ағарту министрлігі мен Қаржы министрлігі бұйрыққа қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →