×

ҚазҰУ-да журналистика факультетіне жаңа декан бекітілді

Кадрлық өзгерістер болды

ҚазҰУ-да журналистика факультетіне жаңа декан бекітілді
Фото: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кадрлық өзгерістер болып, екі факультетке жаңа басшылар бекітілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқу орнының баспасөз қызметінің мәліметінше, биология және биотехнология факультеті деканының міндетін атқарушы болып биология ғылымдарының кандидаты Мейрамгүл НАРМҰРАТОВА тағайындалды.

Мейрамгүл Қуанышбайқызының еңбек жолы ширек ғасырға жуық уақыт бойы осы оқу орнымен тығыз байланысты. 2003 жылы университетке маман болып келген ол кейін әртүрлі басшылық қызметтерді, соның ішінде кафедра меңгерушісінің орынбасары және факультет деканының орынбасары лауазымдарында абыройлы қызмет атқарды.

Журналистика факультеті деканының міндетін атқарушы болып филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мәншүк Мұқашева бекітілді.

Мәншүк Тынышқалиқызы – Халықаралық Еуразиялық телевизия және радио академиясының академигі. Бұған дейін ол ҚазҰУ-да оқытушы, деканның орынбасары және «Қазақ университеті» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеген. Сондай-ақ ол Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде басшылық қызметтте болып, айтарлықтай тәжірибесін жинақтады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →