×

Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр

Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
Астана қаласының әкімдігі

Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында білім беру ұйымдарында бірыңғай форматта тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Qaz3665.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Соның бірі Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен елорданың №101 жалпы орта білім беретін мектебінде жалғасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама жас ұрпақтың денсаулығына деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың экологиялық мәдениетін дамытуға және қоғамда тазалық құндылықтарын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Бірыңғай флешмоб барысында оқушылар тазалық пен салауатты өмір салтын дәріптейтін түрлі спорттық би қойылымдарын қойып, ұжымдық әрекеттер ұйымдастырды.

Айта кетейік, мұндай іс-шара жас ұрпақты дені сау, саналы және қоршаған ортаға жанашыр азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Инфляция жалақыны «жұтып» қойды: мұғалімдердің айлығы азайып барады
Бүгін, 14:48

Инфляция жалақыны «жұтып» қойды: мұғалімдердің айлығы азайып барады

2025 жылдың нәтижесіне қарасақ, білім саласындағы орташа жалақы 6,8%-ға өсіп, 322,7 мың теңге болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →